Экономика | Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік теориясы

I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТЕОРИЯЛАРЫ.
1.1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ, ОНЫҢ ТИПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ.
Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғайылмалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық