Кәсіпкерлік | ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕУДЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ

КІРІСПЕ
Елдегі шағын кәсіпкерліктің дамуынсыз Қазақстанда жоғарғы әсерлі ұлттық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Әлемдегі дамыған елдерде шағын бизнес көбіне экономикалық өсім ырғағын, ұлттық жалпы өнімнің 40-50 пайызын, ал кейбір салаларда – 70 – 80 пайызға дейін құрай отырып, оның құрылымын және сапасын анықтайды. Шағын кәсіпкерлік қоғамдағы орта топтың қалыптасуының негізгі іргетасы болып табылады және оның қызмет ету саласының ұлғаюы республикамызда айқын көрініп тұрған әлеуметтік жіктелудің әлсіреуіне әкелуі мүмкін.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнес туралы тоқталып, оны дамыту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі екендігін атап өтті: «... біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек»[1]. Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар болса да, елімізде шағын бизнес экономиканың ерекше секторы ретінде әлі құралмады. Оның дамуына «тежегіш» болып тұрған себептер бірнеше.Соның негізгілерінің бірі болып жетілмеген несиелеу жүйесі табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық