Экономика | Халықаралық сауда қатнастарды экспортты қаражаттарының ұлттық жүйесі

Кіріспе
Халықаралық несиелік қатынастардың қазіргі формалары әр алуан. Олар зайымдық қаражаттарды пайдаланудағы дүниежүзілік шаруашылық қажеттіліктің өсуін көрсетеді. Халықаралық несие олардың тағайындалуына, экономикалық мазмыны, несиені беру көздеріне қарай жіктеледі. Халықаралық несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына қызмет етумен, көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ең бастысы ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, халықаралық несиелердің маңызды бөлігі, тек ғана нақты сыртқы экономикалық мәмілелерді қаржыландыру үшін емес, сол сияқты банкаралық несиені беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу мақсатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер-бір жағынан, экспорттық және қаржы несиелері мен зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және мемлекетаралық несие түрінде қарастырылған. Экспорттық несиелер өнеркәсібі дамыған елдер арасында жиі қолданылады. Экспорттық несие берудің көлемі ғана емес, сондай-ақ қаржыландыру әдістері де өзгеруде. Жаңа несиелік құралдар пайда болып, несиелік операйияға қатысушылар құрамы кеңейді, қатысушылардың өзара қатынасу жүйесі жетілдірілді, кейбір қаржыландыру көздерінің ролі мен маңызы төмендеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық