Әлеуметтану | ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында” таяудағы он жылға арналған алты басымдық пен тиісті міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орнын ілгерілете түседі.
Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған және төтенше оқиға байланысты белгілі бір объектіні сақтандырумен әлеуметтік сақтандыру сияқты екі оқшауланған нысанада іс - әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен – халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен тікелей байланысты. Әлеуметтік қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғау процесі, ал әлеуметтік сақтандыру осы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі. Міндетті әлеуметтік сақтандыру – әлеуметтік саладағы мемлекет саясатының ажырамас бөлігі. Еңбек процесіне тартылмаған әр түрлі әлеуметтік топтағы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға қол жеткізу үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру қоғамдағы әлеу¬меттік әділеттілікті қамтамасыз етуге жасалатын жағдайлардың бірі болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі үлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің — жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық