География | Тынық мұхитының климаттық жағдайлары мен сулары

Кіріспе.
Тынық мұхит - ең ірі және ең терең мұхит. Ол дүние жүзілік мұхиттың ауданы бойынша 49,5% - ін, су көлемі бойынша 53% - ін алып жатыр. Ол бүкіл жер бетінің үштен бір бөлігін құрайды. Батысында Евразия мен Австралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида материктерінің аралығында орналасқан. Тынық мұхитының Солтүстік Мұзды мұхитпен арасындағы шекарасы Беринг бұғазындағы Пээк ( Чукот түбегіндегі ) және Принц Уэльс ( Сьюард түюегінде ) мүйістері аралығымен, Үнді мұхитымен – Малакка бұғазының солтүстік бөлігімен, Суматра аралының батыс жағалауы, Ява, Тимор және Жаңа Гвинея аралдарының оңтүстік жағалауы, Торрес және Басс бұғаздары, Оңтүстік мүйіс ( Тасман аралы ) арқылы, Атлант мұхитымен – Дрейк бұғазының батыс бөлігіндегі Осте аралымен ( Отты жер архипелагындағы ), Чарлз мүйісі ( Грейам жері ) аралығымен өтеді. Тынық мұхиты солтүстіктен оңтүстікке 15,8 мың км – ге, шығыстан батысқа 19¸5 мың км – ге созылып жатыр. Ол бес континентті бөліп, сонымен қатар байланыстырып жатыр. Бұл жағдай оның физико – географиялық және экономикалық – географиялық маңызын анықтайды......
Курстық жұмыстар
Толық