Еңбек құқығы | Еңбек құқығы - Жеке еңбек шарты

Кіріспе
Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.»
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемелекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына әкеледі. Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Сондықтан, еңбек құқығы еңбек ету үрдісінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні – еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысындағы қатынастары болып табылады. Басқаша айтқанда, еңбек құқығының пәні-еңбекке қаблеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемелекеттік және жеке ұйымдарды азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасқан жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы