Саясаттану | Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ)-ның басқа саяси ұйымдармен байланысы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымы - халықаралық қауіпсіздікті және тыныштықты, мемлекеттер арасындағы бірлікті сақтауға бағытталған ұйым. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және қазіргі таңда 150-ден астам мемлекеттің үстінен қадағалайды. Бұл ұйым 1945 жылы әлемнің тыныштықты сақтауды көздейтін мемлекеттер тарапының инициативасымен құрылды.
Осы іспеттес ұйым 1815 жылы Рейн бойындағы су жолын қадағалайтын Орталықтанған комиссия ұйымдастырылды. БҰҰ-ның мақсаттарымен сәйкес мақсаттас ұйымдар Еуропада пайда бола бастаған. Кейініректе бұл ұйымдардың саны және мақсаттарына сәйкес ерекшеліктері көбейе бастады. Мәселен, Халықаралық телеграф одағы мен Әлемдік почталық одағын айтуымызға болады. Осы ұйымдардың барлығы дерлік әлемдік қауымдастықты басқарудың қазіргі механизмінің бейнесін қалыптастыруында өзіндік қызметтерін атқарған [1. 56].
Ең алғашқы құрылған халықаралық ұйымдар қатарына «Жер өлшеуші халықаралық ұйымын» (1864 жылы), «Дүниежүзілік почта одағы» (1874 жылы), «Әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау халықаралық одағы» (1886 жылы) мен «Құлдыққа қарсы халықаралық одақты» (1890 жылы) жатқызуға болады.
Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері бар. Бұл белгілерді төмендегідей атап өтуге болады:
-әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады. Бұл көпжақты келісім шарт ұйымдарының халықаралық құқық нормаларына сай заңды түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы