Информатика | Вирус және оларға қарсы күрес

Компьютерлiк вирустар нелер және олармен қалай күресуге болады?
Бұл аса көңiл бөлiп қарайтындай соншалықты қиын тақырып болып көрiнбес. Алайда, компьютердегi ақпараттың жоғалуына бiрден-бiр себепкер болатын осы компьютерлiк вирустар болып табылады. Вирустардың кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмысына тосқауыл болған көптеген оқиғалар белгiлi. Сонымен қатар бiрнеше жыл бұрын компьютерлiк вирустың адам өлiмiне себепкер болған оқиға тiркелген. Нидерландияның бiр ауруханасындағы емделушi компьютердiң вирусты жұқтырып, қате ақпарат беруiне байланысты морфийдiң әжептеуiр көлемiн қабылдаған.
Өзара бәсекелес антивирустық фирмалардың мүмкiндiктерiне қарамастан компьютерлiк вирустың тигiзетiн зардаптары жылына шамамен жүздеген миллион сомманы құрайды. Бұның негiзгi себебi көптеген компьютердi пайдаланушылардың вирустарға аса назар аудармауы, әдебиеттiѕ тапшылығы болып табылады.
ХХ ғасырдың соңы адамзаттың индустриялық эрадан информатикалық эраға өтуiмен ерекшеленедi. Бұл ғасыр техникаға үлкен өзгерiстер әкелдi. Осыған байланысты информацияны алу қабiлеттiлiгi оны жөндеу күнделiктi iсте пайдалану кең етек жайып келедi. Көптеген тұтынушылар қарапайым почтадан электрондық почтаға сондай-ақ мобильдiк телефондарға көштi. Макро және микро компьютерлер пайда болды. Бұлармен қоса компьютерлiк вирустар да өмiрге келдi.
Компьютерлiк вирустар күрделi және көрнектi мәселелердiң бiрi. Сондай-ақ жасанды тiршiлiк жасау әрекетi. әрине, сәттi-ақ әрекет, бiрақ пайдасыз екенi сөзсiз. Компьютерлiк микроорганизмдер тек сәтсiздiк әкелетiн зиянкес жәндiктердi еске түсiредi. Тiрi ағзалар тәрiздi компьютерлiк вирустар да тiршiлiк етедi, көбейедi. Ал компьютерлiк вирустарға қарсы күрес адамзаттың адам ойымен күресi болып табылады. өйткенi компьютерлiк вирустapды бiр адамдар жазса, ал екiншi бiреулер оны жоюдың әдiсiн ойлап табады ....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы