Әлеуметтану | Қазақстандағы жас отбасының өзекті мәсілелері

Қоғамның негізі – отбасы. Отбасынсыз ешбір қоғамды елестету мүмкін емес. Әке мен шеше ол отбасыныңның қос қазығы. Ал, бала оның – келешегі.Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есіңде жүреді.Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі », - десек те артық емес.Қазіргі күні отбасын құруға жастарымыз немқұрайлы қарайды. Олар үшін үйлене салып, бір-екі айдан кейін ажырасып кету түкке тұрғысыз. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдарламай тұрмайды, бәріне төзу керек. Әрине отау құрғанда алғашқы үш жыл қиынға соғады. Небір қиындықтар да осы жылдары орын алады да көп жастар тіл табыса алмай ажырасып кетіп жатады.
Тақырыптың өзектілігі. Біздің қоғамымызда жастарды отбасылық өмірге дайындайтын арнайы бағдарлама жоқ. Жас отбасыларды мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларының жетіспеуі жастарымызда күйзеліске әкеп соқтырады. 90-шы жылмен салыстырғанда Қазақстанда үйлену мен бала туу үш есеге азайыпты. Осылайша өзі де азайған жас жұбайлардың міндетті түрде жартысы ажырасады. Мұндай жас отбасылардың ажырасуның себептері – ерлі-зайыптылық өмірге дайындықтың жоқтығы, тұрмыстық жағдайға қанағаттанбаушылық, үйлену тойынан кейін тұрғын үйдің болмауы, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасына туыстарының араласуы болып табылады.
Халықаралық саясатта жаңалықтарды жасайтын, жалпы тарихты жетектеп жүргізіп келе жатқан барлық мемлекеттер күмәніміз болмасын халқы көп, көп болған соң да айбарлы, аруақты мемлекеттер. Біз осы тарихтың тұтқасын қалай ұстау керек, сөйтіп халықаралық саясаттағы жаңалықтарды қалай тудыру керек, яғни қалай көп болу керек соны айтамыз. Әлбетте, бәрімізге белгілі, көбею үшін жастар тез үйлену керек, төрт баладан кем болмау керек. Бұлай деу бірінші тым қарапайым, қарабайыр естіледі, екіншіден, жастар мұны өздері де біледі. Біз үйленіп, бала сүю үшін алдымен жастардың қандай құндылықтар мен қасиеттерді жүрекке жинау керектігін ғана айтамыз. Қысқасы жүрек оянбай отбасы институтының құндылығын білу, сезіну мүмкін емес. Өйткені, отбасы құру үшін үлкен, жылы жүрек, өзінің басын күйттеуден гөрі біреудің, яғни әйелінің, баласының жағдайын көп ойлайтын жан жомарттығы керек.
90-шы жылмен салыстырғанда Қазақстанда үйлену мен бала туу үш есеге азайыпты. Осылайша өзі де азайған жас жұбайлардың міндетті түрде жартысы ажырасады. Қазір жалпы халыққа шаққанда үйленгендер саны 50 пайыздай. Бірақ, бұл көрсеткіш те жылдан жылға кеміп барады. Оның үстіне азаматтық неке деген шыққан. Бұл заңды, салауатты отбасын құратын болашақ отбасылардың анасын, немесе күйеуін алдын-ала былғап, құртып, балалы ғып кететін ең қорқынышты дерт. ....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы