Жаратылыстану 2-сынып ҚТЖ Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану
Бөлімі: Жер және ғарыш
Тақырыбы : Алуан түрлі ғаламшарлар
Мақсаты:
2.4.2.2 - Күн жүйесі ғаламшарларын салыстыру;
2.1.2.4 - бақылау жүргізудің жоспарын құру;

№23 Жаратылыстану 2 сынып ІІІ – тоқсанМектеп Сынып2КүніПәнЖаратылыстану бөліміЖер және ғарышТақырыбы :Алуан түрлі ғаламшарларМақсаты:2.4.2.2 - Күн жүйесі ғаламшарларын салыстыру;2.1.2.4 - бақылау жүргізудің жоспарын құру;Сабақтың барысыОқытушының іс әрекеті Оқушының іс- әрекетіБаға...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әдебиеттік оқу 2-сынып 3 тоқсан ҚМЖ- Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:
Судың қаупі.
Қабдыкәрім Ыдырысов. Қап, қап, қарағым
Мақсаты
2.1.1.1 - шығарманың мазмұны бойыншасұрақтарға жауап беру
2.2.9.1 - сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан, жинақтардан, сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу
2.3.3.1 - шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну

№ 60 Әдебиеттік оқу 2сынып ІІІ – тоқсанМектеп атауыМерзімі, күні 2021 жылСынып 2Пән Тақырып Судың қаупі.Қабдыкәрім Ыдырысов. Қап, қап, қарағым.Мақсаты:2.1.1.1 - шығарманың мазмұны бойыншасұрақтарға жауап беру2.2.9.1 - сұраққа жауапты анықтамалық...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Экологиялық инновациялық технологиялар (10 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Геоэкологиялық зерттеулердің негіздері
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық инновациялық технологиялар
Оқу мақсаттары: 10.3.2.10 Экологиялық проблемаларды шешуде инновациялық технологиялардың рөлі
Сабақтың мақсаты: Оқушылар экологиялық инновациялық технологияның түрлерімен танысып, жұмыс жасау жолдарын түсіндіредіжәне маңыздылығына баға береді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы
Оқыту мақсаты: 9.5.2.5 Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының жағдайын талдап, дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
9.5.2.6 Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымын талдап, проблемаларды шешу жолдарын ұсынады;
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының жағдайын талдау;
Инновациялық инфрақұрылымды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымының проблемаларын анықтау және шешу жолдарын ұсыну......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Экономикалық география
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары
Оқыту мақсаты: 9.5.2.4 Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарын анықтап, болжам жасайды....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

СДУ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында заманауи IT-мамандарды әзірлейді

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Сулейман Демирел университетінде XXI - ғасырдың IT-маманын кәсіби даярлау тұжырымдамасы әзірленді. "Отандық білім беруді жаңғырту жағдайында көптілді IT-маманның инновациялық құзыреттілік моделін әзірлеу және енгізу" тақырыбындағы ғылыми жоба 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсының....
Жаңалықтар
Толық

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ

ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] . Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімінің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімінің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. ....
Дипломная работа (бесплатно)
Толық

Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Біздің еліміздің болашағы –оның интелектуалды қоры, ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында айтылған болатын. Қазіргі таңда өкілеттілік пен ресурстарды тиімді пайдаланып, жоғарғы сапалы және ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологияларды қолдана отырып экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті - шағын инновациялық кәсіпорындар болып табылады. Сондықтанда, ғылымға , ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Инновация(жаңартпалар) дегеніміз - тауар мен қызметтердегі, технология мен өндіріс факторларындағы қандай болмасын өзгерістер, жаңа өнімдер.
Көптеген экономикалық,әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге қабілетті болғандықтан шағын инновациялық кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы зор. Себебі, өнімнің жаңа сапасы мен түрлеріне жаңашылдық енгізу арқылы инновациялық кәсіпорындар өз бәсекелестеріне қарағанда іскер топтың біріне айналып, екпінді оқшауланады.
Нарықтық экономикада өз алдына жүйелі түрде қызмет ететін шағын инновациялық кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын жоғарғы деңгейге жеткізері анық
Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында Қазақстан ғылыми-техникалық потенциалы қиындықтар мен қақтығысын түбірімен өзгеріске ұшырады. Тек 1999 жылдан бастап қана ғылым жетістіктері мен инновацияларды игеру, ғылыми- өзгеріс тізбегін дамыту маңыздылығын мойындай бастадық. Нарықтық экономика тұсында ғылыми жаңалықтарды инновациялық компаниялар игеріп өндіріске енгізіп отыр. Бұл сатыда шағын инновациялық кәсіпкерлік айтарлықтай үлес қосады.
Шағын кәссіпкерлік кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген нарықтық экономикасы дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отырады. Егер Европа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, онда АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана құрайды екен. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстанның инновациялық дамуының қазiргi жай-күйi мен проблемаларын талдау

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бeкiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (2.6.11-тармақ) ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру мен дамыту жөніндегi бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағыттылығынан арылу жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуiн көздейдi, бұл ретте инновациялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн айқындаушы негiзгi фактор ретiнде айқындалады; экономика мен қоғамды одан әрi серпiндi дамыту үшін инновацияларды толыққанды пайдалану мемлекет мақсатты инновациялық саясатты жүргізген кезде мүмкiн болады.
Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан мынадай бiрқатар проблемалар да кезiгедi: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т.с.с. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға қабiлетті бiлiмдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы керек.
Осы Бағдарламаны әзірлеу жүйелiк сипаттағы ықпалдастықты, өзара байланысты шаралар кешенi, бiлiмдердi жинақтау, тарату және коммерциялау тетіктерiн өзiне қамтитын тиiмдi әрекет ететiн ұлттық инновациялық жүйе (бұдан әрі - ҰИЖ) арқылы қалыптастыру қажеттілігінен туған ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қ Р ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бүгінгі ақпараттың, ғылым мен техниканың, технологияның қарқындап жатқан дәуірінде инновация - дамудың орталық мәселесіне айналып отыр. 2003 жылы ел Президентінің жарлығымен қабылданған дамудың инновациялық жолын таңдау туралы бағдарламаға сәйкес инновациялық іс-әрекетті қалыптастыруда қаржының мәні зор екендігі белгілі. Жалпы, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, дұрыс таңдалған инновация кез келген салада өз жемісін береді. Мысалы білім беру, денсаулық сақтау, банк жүйесі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы. Алайда кез-келген инновациялық процесс сәтті аяқтала бермейді. Ал Қазақстанның жағдайында инновацияның қажеттігі экономиканың кез келген саласының өңдеу жүйесінен көрініп отыр. Өйткені экономикамызда біраз жылдар бойы үстемдік еткен дамудың шикізаттық бағыты соңғы жылдары өзінің тиімсіздігін, болашағының жоқтығын, жақын арада экономиканың дағдарысқа ұшырау ықтималдығын, ресурстардың шектеулі екендігін еске түсірді. Ғалымдардың пікірінше, дәл қазіргі темппен пайдаланылып отырған шикізат ресурстары алдағы 25-30 жылға ғана жетеді екен. Осы орайда 2003 жылы 30 мамырда “Инновациялық қызмет туралы”Қ.Р. Үкіметінің қаулысы, сондай-ақ 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық Даму Стратегиясы қабылданды. Стратегияда көзделген басты мақсат – елде инновациялық белсенділікті дамыту, жаңашылдық аясындағы мүдделі тұлғаларға жағдай жасау, осылайша дамудың шикізаттық бағытынан біртіндеп бас тарту. Қаулы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған, 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен “Ұлттық инновациялық қор” акционерлік қоғамы құрылды. Инновациялық қор – басты даму институты болып табылады және коммерциялық пайда табу мақсатын көздемейді. Қордың акционері Қ.Р. Үкіметі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық