Жұмағали Саин (Маған күш бер)

(Иван Франкодан)

Туғызған бар әлемді анамсың, жер,
Майданда қайыспайтын болайын ер
Күшіңнен көлдей болған түбіндегі,
Ей, ана, бір тамшысын маған да бер.

Жылылық бер кеудемді кернегендей,
Қан тасып, сезім көкке өрлегендей,
Адалдық, туысқандық бер адамға
Өмірде тасқындай боп кеулегендей......
Өлеңдер
Толық