Қазақтар неліктен Орбұлақ шайқасында жеңіске жетті? 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақтар неліктен Орбұлақ шайқасында жеңіске жетті? 3-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
7.3.2.7 Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау
Сабақ мақсаттары: 7.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
7.3.2.7 Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақтар неліктен Орбұлақ шайқасында жеңіске жетті? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Қазақтар неліктен Орбұлақ шайқасында жеңіске жетті? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау
Сабақ мақсаттары: Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақтар неліктен Орбұлақ шайқасында жеңіске жетті? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Қазақтар неліктен Орбұлақ шайқасында жеңіске жетті? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау
Сабақ мақсаттары: Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ұлы Жеңіске тағзым

Жатқанда Отан жері отқа жанып,
Тұрғанда туысқандар жауда қалып,
Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атын алып?
Ж.Молдағалиев
Соғыс... Бұл –үлкен қасірет. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Әркімнің көзінен жас, жүрегінен қан ағызған сұрапыл жылдар. Талайды жақындарынан, туған бауырларынан айырған, сүйгендерінен қол үздірген, ардақты аналарды бауыр еті балаларынан ажыратқан соғыс жылдары жетім мен жесірдің санын көбейтпесе, азайтпады. Әр ай сайын жақындары майданға кеткен сарбаздардан хат күтетін. Бірақ хат орнына қара қағаз келмесе екен деп жаратқанға жалбарынатын. Себебі әр апта сайын бір қазақ ауылына ондаған қара қағаз келетін. Қара қағаз майданда сарбаз мерт болса ғана келеді. Ал жақындарының мерт болғанын кім қаласын? Әрине, ешкім де ондайды қаламайды ғой!......
Шығармалар
Толық

Шын жеңіске жеткен елім

Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды.Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із жазылмас жара қалдырды» деп өз ойын айтып еді Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты.
Бұл оқиғаны біз жүрегімізден алып тастай алмаймыз.Отан қорғауға ерлер мен әйел-дердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдерде Отан үшін күресіп, жауға қарсы тұрды. Шығыстың екі батыр қызы М. Мәметова мен Ә. Молда- ғұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Халықтың басына қиын қыстау кез туғанда М. Мәметова жане Ә. Молдағұлова сияқты біз көмектесуге, күресуге дайынбыз.1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар рейхстагқа Жеңіс туын тіккен болатын. Бөлімшенің жауынгерлері мен офицерлері қазақ халқының батырларын зор құрметпен жерледі.
Ата – бабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті.Біз енді осы ата – бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда..........
Шығармалар
Толық

Шын жеңіске жеткен елім

Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын қасірет. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио, телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта отырып бізге жеткізді.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9 мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыстың күн мен түндерінде бүкіл жігерімен жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерлерге қарыздармыз.
Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс! Бұл екі сөз бірін-бірі толықтыра түседі.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.......
Шығармалар
Толық

Ұлы Жеңіске Кентаулықтардың қосқан үлесі

Адамзат баласы айрықша атап өтетін есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Біз үшін мамырдың 9-ы солардың ішіндегі ең қымбаттысы, ең салтанаттысы, біреңгейі. Күнтізбедегі бұл күн біздің әрқайсымыз үшін Ұлы Жеңіс мерекесі, қуаныш мерекесі, ұрыста қаза болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайысар күнді еске түсіреді. Осыдан 71 жыл бұрын 1945 жылғы мамырдың 9-ында фашистік Германия тізе бүкті Реихстагта Жеңіс туы желбіреді. Ұлы Отан Соғысы жеңіспен аяқталды. Ұлы Отан Соғысы «ә» дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге қарсы біркісідей көтерілді. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығымен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді. Тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жету мүмкін болды. Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды.Ұлы Отан Соғысы жылдары өзге де Қазақстандықтар қатарына Кентау, Ащысай, Хантағи, Байылдыр, Қарнақ елді мекендерінен аттанған жауынгерлер қолдарына қару алып, жаумен айқасып, ерлік көрсетіп, елді, жерді қорғады. Кентау қаласында 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдық қорсаңында қала саяжайында азалы Анаға ескерткіш қойылып, соғыстан қайтпаған 78 боздақтардың есімі жазылған естелік тақта орнатылды. Жылда қала халқы олардың қаһармандық ерлігі, рухы алдында бас иіп, тағзым етеді. Олардың ерлігін Отан алдындағы перзенттік борышты қалтқысыз орыдаудың үлгісіне балайды. ......
Шығармалар
Толық

Жеңіске жеткен сол күн

Ұлы Отан соғысы талай адамның қаны төгілген майдан алаңы. Соғыс - жер үшін, кейінгі ұрпақ келешегі үшін, елдің намысы үшін жауапты майдан. Бірі атасынан, бірі әкесінен, бауыр – қарындастарынан айырылса, бірі ұлынан айырылған сұрапыл жылдар. Бірақ азапқа толы сол жылдардың өз нәтижесі, тарихы, маңызы бар. Жеңіске жеткен сол күнді одақтас он бес ел, соның ішінде қазақ елі де 71 жыл бойы тойлап келеді. Ол ешнәрсе де, ешкім де тарих беттерінен өшпейтінінің, халықтың жүрегінен де, жадынан да мәңгі орын алатынының белгісі.
Бұл соғысқа қазақ елінің тікелей қатысы жоқ деушілер де бар шығар. Бірақ бұл оймен мен мүлдем келіспеймін. Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан үшін де бұл соғыстың маңызы зор. Қызыл армиядағы қазақ жауынгерлері алдыңғы шепті басқарып, Брест қамалынан Берлинге дейін барды. Қазақ жауынгерлерінің ержүрек, өжет мінезі мен жауынгерлік шеберлігіне барлық өзге ұлт өкілдері тәнті болған. Оған дәлел бес жүз қазақ жауынгері Кеңкс Одағының батыры атағын алған. Осындай мақтануға тұрарлық деректерді тарих, әдебиет беттерінен кездестіргенде бір ерекше сезім пайда болады. Ал Жеңіс күнінде қуаныш, мақтанышқа толы айрықша көңіл – күй жүрегіңді баурайды. Дегенмен, қарттар мен ересек жандардың көңілдері босап, көздеріне жас толады. Қуанышты күні жас алуларының себебі: бір мезет көз алдарына сол соғыс уақытын елестетіп, оққа ұшқан талай қазақ бауырларын естеріне алады. Бұл соғыстың қуанышы мен азабы ел жадында қатар жүреді......
Шығармалар
Толық

Ұлы жеңіске ғажап күшпен жеттік

Қазақ елі! Жасыл ел! Мәңгілік ел! Ұлы жол! Нұрлы жол! Болашаққа бастар жол! Қадірі мен қасиетіне бас иер даму жолына қол жеткізуге ұлт ұрпағы оңай келген жоқ.
Біз ұлы отан соғысындағы Ұлы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Барлығы жеңіс үшін күресті. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестетіп, газетжурнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.
Иә, содан бері 71 жыл өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Сол кезде соғыс адамға не істетпеді десеңізші?! Соғыс туралы хабар қазақ халқына тарай салысымен, Қазақстанның ұл-қыздары соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алды. Отан алдарында өз борыштарын өтеп, өз еркімен майдан даласына аттанды. Қазақстан еңбекшілері тылда «Бәрі де жеңіс үшін!» деген үндеумен маңдай терлерін төге, күн-түн демей жұмыс істеді, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты. Жауынгерлер қыс-жаз демей соғысты. Фашистер аштықтан, суықтан қалжыраған қала халқы өздігінен беріледі деп ойлады. Немістер қаланы күн сайын бомбалап, қаладағы жарық, жылу, су жүйесін бүлдірді. 1944 жылы ғана жау қоршауды бұзып, фашист әскерлері қаладан қуып тасталды. Қазақстандық 310-314 атқыштар дивизиялары Ленинград үшін болған шайқаста басынан аяғына дейін қатысты. Шығыстың әйгілі қос жұлдызы Әлия Молдағұлова м ен Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. Олардың ерліктері тарихқа өшпестей із қалдырды......
Шығармалар
Толық