Ұлттық ойын: Домалақ ағаш

Қазақтың ежелден келе жатқан ұлт ойындарының бірі — «Домалақ ағаш» ойыны. Бұл «Қазан» ойынының бір түрі. «Домалақ ағаш» ойынын қыста мұз үстінде, ал жазда тақыр алаңда ойнауға болады. Ойынға қатынасушылардың әрқайсысының басы қайқы қақпа таяғы мен ағаштан істелген домалақ шары болуы керек.

Ойынға қатынасушылар ортадан шеңбер сызып, бір «қазан» қазады. Ойнаушылардың саны көп болса, шеңбер соғұрлым үлкен болады. Шеңбердің бойымен қатарласа тұрып, арасы бір-бірі адымдай жерден, яғни әрқайсысы өзінің алдынан «қазан» қазып алады, домалақ ағашын соған алып қояды. Шеңбердің ортасында бір ойыншы бос «қазанды» күзетіп тұрады, яғни басқа шеңбер бойында түрған ойыншылардың әрқайсысы өзінің шарын ортадағы бос «қазанға» түсіру; ал ортадағы бос «қазанды» қорып тұрған ойыншы басқалардың домалақ ағаштарын өзі қорып тұрған «қазанға» түсірмеуге тырысады. Егер ортадағы «қазанға» домалақ ағашын кім түсіріп алса, сол адаммен орындарынауыстырады. Ойын жалғаса береді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Агата Кристи | Он қара домалақ

1

Шылым шегетіндерге арналған бірінші дәрежелі вагонның бір бұрышына жайғасқан сот Уоргрейв — ол жақында ғана жұмыстан біржола босап шыққан — сигарын түтіндетіп, "Таймстағы" саясат бөлімін шолып отырған. Ұзамай газетті былай ысырып қойып, терезеден сыртқа көз жіберді. Пойыз Сомерсеттен өтіп бара жатыр еді. Сот ойша шамалап көрді — әлі екі сағаттай жүруі керек екен.

Негр аралы жайында газеттерде жазылғанның бәрін сот қайта-қайта ой елегінен өткізумен келеді. Әуелі оны яхта десе ішкен асын жерге қоятын американ миллионері сатып алыпты, Девон жағалауына жақын жерде орналасқан осынау шағын аралда қазіргі заман үлгісіндегі керемет көркем үй тұрғызыпты. Алайда, өкінішке қарай, миллионердің үшінші әйеліне, таяуда ғана тапқан тотықұсына теңіздегі шайқалыс жақпайды екен, осы жағдай миллионерді үймен де, аралмен де қош айтысуға мәжбүр етіпті.

Сөйтіп, арал сатылатын болды, оның әсемдігін айтып тауыса алмайтын сипаттамасы бар құлақтандырулар газеттерде жиі-жиі жарық көре бастады. Одан соң аралға мистер Оним дейтін біреудің ие болғаны жөніндегі хабар жарияланды. Сол сол-ақ екен, зайырлы қауым өміріндегі жаңалықтарды жиып теретіндердің қиялы шартарапты шарлап кетті. Шын мәнінде Негр аралын голливудтық киножұлдыз мисс Габриелла Терл сатып алыпты!.. Сол жерде - репортерлер мен жарнама ырың-жырыңынан жырақта - бірнеше ай тыныш тұрғысы келетін көрінеді!.. "Бизи Би" бұл арал король отбасының жазғы резиденциясына айналатыны жайында сыпайы түрде тұспалдап жеткізді. Мистер Мерриуэдерге аралдың жас лорд Л. меншігіне көшкені - ақыры оның да Купидон құрбандығына айналып, аралда бал айын өткізуге ниет еткені турасында сыбыс жетті. "Джонас" аралды әлденендей бір айрықша құпия сынақтар өткізу мақсатында Әскери-теңіз күштерінің басқармасы сатып алғанына зәредей күмән келтірмеді. .....
Әңгімелер
Толық

Домалақ ана (1378-1456)

Домалақ ана (Нұрила) Түркістан қаласында 1378–28.05.1456 Қаратау, Балабөген өзенінің жағасында жерленген- есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Әкесінің есімі -Әли Сылан, анасының есімі-Нұрбике. Нағашы ағасы Уәйіс хан-Моғолстанның ханы болған. Домалақ ананың әкесі Әмір Темірдің әскерінде қызмет етіп түзде жүреді, ел анасы ерте қайтыс болып, жетім қалады. Сөйтіп Нұрила атасы Мақтым Ағзам қожаның қолында тәрбиеленеді. Кейінірек Бәйдібек бидің шақыруымен Мақтым Ағзамның.......
Рефераттар
Толық