Бағдарламалау | Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

Кіріспе
Қазіргі уақытта информатиканың дамуы мен ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың (АКТ) алатын орны ерекше екендігі белгілі. Бұлар өмірдегі барлық салада өз орнын тауып, қазіргі заманның айнытпас мәдениетіне енді. АКТ өте үлкен жылдамдықпен даму үстінде, яғни көптеген жаңа технологиялар пайда болып, ескілері тез жойылуда, бұл информатика пәніне де айтарлықтай әсер етуде. АКТ-ның үлкен қарқынмен дамуына байланысты программалауға деген қызығушылық та арта түсті. Программалау – тез дамып келе жатқан ғылым мен техника саласы. Программалау тілі дегеніміз – алгоритмдерді және алогритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тіл.
Дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүргізіліп келеді. Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу, таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестердің бір бөлігі.
Қазіргі кезде программалау тілдерін оқыту әдістемесіне кеңінен көңіл бөлінеді. Мысалы, А.Скробов VB тілін пайдаланып, бірнеше есептердің бір уақытта орындалуын зерттесе, В.Тихвинский VBA модульдерін өңдеуді кеңінен зерттеп келеді. Ал Г. Магдануров объектілі-бағдарлы программалау тілінің Visual Basic.Net программасында қолданылуын зерттеді. Осы тәрізді зерттеулер біздің елімізде де жаңадан қолданыс табуда. Сол себептен программалау тілін оқып үйрету әдістемесін жетілдіру қажет. Әрине, программалау тілін оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстары аз емес. Көптеген зерттеушілер программалау тілін оқытудың әр түрлі әдістемелерін ұсынады. Ашық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына байланысты программалау тілдерін меңгерудің көптеген жолдары бар. Әрбір оқушы өз бетінше де программалау тілін меңгере алады. Бірақ зерттеушілер программалау тілін оқытудың тиімді жолдарын қарастырған. Сонымен қатар, еліміздің зерттеушілері көбіне программалау тілінің ең оңай тәсілдерін оқыту әдістерін ғана зерттеумен шектеліп келеді. Зерттеу жұмыстары көптеген зерттеушілермен бірге әртүрлі тәсілдерді қамтиды. Олардың барлығы оқушыға тиімді, әрі жоғары білім береді. Осы тәсілдермен программалау тілдерін оқыту оқушыларға программалау тілін меңгеруде маңызы өте зор.
Қазіргі уақытта мектепте программалау жүйелерін таңдау мүмкіндіктерінің шеңбері біршама кеңейді. Бұл Turbo Pascal 7.0, Vіsual Basіc, C++, Delphі. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Жалпы білім беретін орта мектепте программалау тілін тереңдетіп оқыту информатиканы оқытудың мақсаттары болып табылмайды. Программалау дегенде қандай да бір программаның жеке жүйесін оқыту емес, жалпы алғанда программалау негіздерін меңгеруде, атап айтқанда, қандай да бір программалау жүйесіндегі негізгі ұстанымдармен танысу. Американдық педагог ғалым Б. Хантер ұсынған анықтама бойынша, программалау біліктілігі – компьютерлік сауаттылықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Демек, компьютерлік сауатты болу үшін оқушылар дайын компьютерлік программалармен жұмыс істеп қана қоймай, әдістемелік құралдарды пайдалана отырып, талапқа сай программаларды да құра білуі керек. Программалау тілдері күнбе – күн дамып отырғандықтан, оларды оқыту әдістемесі де осыған байланысты үздіксіз дамып отырады. Сондықтан, компьютерлік программалармен жұмыс істеп, талапқа сай программаларды құра білу үшін және жалпы программалауға деген қызығушылықты тудыру үшін оқытудың жаңа тиімді әдістемелерін құрып, оларды дамытып, жетілдіру қажет.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы