Қазақ әдебиеті | Қ. Қараманұлы батыс әдебиетінің аудармашысы

КІРІСПЕ
Қазақ аудармасының тарихына зер сала қарасақ, халқымыздың мәдени даму байланыстарының түрлі кезеңдерінде аударманың рөлі айрықша болған. «Жеті жұрттың тілін біл» деген халқымыз көп тілді білудің қадірін, қажеттілігін ежелден сезген. Әсіресе, 19-шы ғасыр мен 20-сыншы ғасырда аударма жаңа сипатта қоғамдық озық ойлармен, әдеби шығармалармен танысудың тиімді көзі болып саналғанымен, аударматану ғылымы, аударма теориясы жүйелі ғылыми айналымға енген жоқ. Әбу Насыр әл-Фарабидің 70-тен аса елдің тілін білуіне мән бере қарасақ, ғұлама ғалымның талай еңбектер жазып қалдыруының сыры терең білім мен көптеген тілді меңгеру қабілетімен ұштастырылады.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл дамуындағы процесстің барысында аударма қызметінің атқаратын рөлі орасан зор. Қай халықты алып қарасақ та, өзінің мәдени, рухани байлығын ең алдымен екі негізден алып дамытып отырған. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі – өзге жұрттың байлығына иек арту. Өзге тілдің рухани дүниесімен сусындай отырып, өз мәдениетін өрендеткен, өз мәдениетін дамытқан халық қашан да басқа елдің ғылым білімін үйренуге ұмтылады. Осындай игі істің жандануына аударманың айрықша қызмет атқарғандығы мәлім. Аударма – «халықтар достығының дәнекері» деп аялауда көп мән бар. Егер біз дүниежүзі халықтарының бәріне ортақ неше алуан мәдени, әдеби, тарихи мұраларды тізіп, санап, оқып шыға алатын хәлде болсақ, ол тек аударманың арқасы. Аударма қай заман, қай кезең болмасын қоғам өмірінің ілгері жылжи дамуына қалтқысыз қызмет етіп етіп келеді. Қазіргі кезеңде аударманың көбейгені соншалық, тек орыс тілінен қазақ тіліне аударылған шығармалар тізімін атап шығудың өзі оңайға түспейді.
Аударма – көне де, жаңа өнер. Аударма адамдардың көп заманға созылған аударма тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарам-қатынас жасаудың дәнекері болмақ.
Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың алмасу, айырбастаудың құралы, ел танудың құралы, достықтың, ынтымақтастықтың , тәжірибе-тағылым алмасудың дәнекері.
Көркем аударма – сөз, әдебиет, публицистика салаларының ажырамас бір бөлігі. Аударма адамдардың көне замандардан жеткен тілі өзге адамдар қауымын түсінудің құралы. Олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы болған. Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің жаңа тәсілдері туды,жазу шеберлігі артты. Ол халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы: бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналық қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстартудың мектебі.
Аударма шығармасына аудармашы талантын, жандүниесін, шығармашылық құштарлық пен қызығушылығын арнағанда ғана, ол бар табиғатымен, тұтастылығымен, құрылымдық элементтерімен тегіс танылады. Автордың ой-сезімін, дүниетанымын, стильдік дербестігін, көркемдік әлемін терең түсіну, айқын сезіну – аударма сәттілігінің негізі. В. Ганиев пайымдауынша, «Аудармашылық өнердің өзегі – шығармашылық қайта түрлендіру. Бұл маңызды мәселені зерртеу, оның әртүрлі қырын аңғару – бұл дегеніміз аударманың құрылымдық өзгешелігінен шығып, оның терең негізін түсіну». Кезінде П. Антокольский қайта түрлендіру өзгешелігін аударма өнерінің феномені деп атапты. Бұл – өз туындысына автор қандай шебер болса, аударма шығармаларына да сондай талантты болу міндеттілігі. А. С. Пушкин, Абай – осындай дара тұлғалар. Аудармашының сөздік қорының байлығы, тіл шеберлігі, әсіресе синонимдер мен тұрақты сөз тіркестерін мол білу – аударма сапалылығының негізі. Екі тілдің сөздік қорын, әдеби тілін молынан игеру – көркем аударманың жоғары құндылығының кепілі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық