Экономика | Инвестициялық жобаны бағалау мәселелері мен оны жетілдіру

КІРІСПЕ
Диплом жұмысында инвестициялық жобаны бағалаудың экономикалық мәні, критериилері мен әдістері және шетел тәжірбиесіндегі инвестициялық жобаларды бағалау мен талдау қарастырылған. Жұмыста инвестициялық жобаны бағалау мәселелері мен оны жетілдіру жолдарына тоқталған.
Тақырыптың өзектілігі. Елбасының жолдауында білім және жаңа технологиялар трансферті үшін шетелдік инвестицияларды тартуды толығымен пайдалану және шетелдік компаниялармен бірлесіп, инвестициялық жобалау және инжинирингтік орталықтар ашу қажеттігі атап көрсетілді.Бұл орайда шетелдік әріптестерге өндірісті оқшаулау және технологиялар трансферті бойынша қарсы талаптар қойылуы, сонымен қатар бұған отандық инженерлер мен ғалымдарды тарту міндеттелуі тиіс. Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн. Елбасының отандық кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігіне сенімі мол. Үкімет осы мәселені қайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұл үшін барлық жағдайды жасағаны жөн. Жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудың қажеті жоқ.[1]
Инновациялық- инвестициялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. Президент Үкіметке 2016-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустрияландырудың Екінші бесжылдығы жобасы негізінде бірқатар тапсырмалар берді. Инновациялық- инвестициялық индустрияландыру басымдықтары санын шектеу керек. Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар – біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектерді өңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардың ғылыми қамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымын ұлғайту үшін инвестициялар тартылуда.[3]
Қазіргі кезде Қaзақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың себебі болып отыр. Инвестициялар кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық