Қазақ тілі | Қытай тіліндегі негізгі сөзжасам әдістері

Кіріспе
Қазіргі таңда әлемдегі ең іргелі ұлттардың бірі болып саналатын Қытай тілінің тамыры өте алыс ғасырлар түкпірінде жатыр. Осы бір адамзат қоғамының нң көне мәдени ошақтарының ерекше үлгісі болып саналатын көне Қытайдың тілі дүние жүзіндегі бай тілдердің біріне жатады, Тіл – ол халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, сол тіл арқылы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Сонымен қатар, комуникативтік әрекет ұлттың, мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып ғана қоймай, бүкіл мәдениет пен танымның негізгі тұғыры саналады. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасаудың дамуына да ықпал етеді. Тіл арқылы сана дамып, рухани мәдениет өркендейді.
Қытай тілінің негізгі байлығы – оның сөздік қоры. Осы байлықтың қалай жиналғандығын, алуан түрлі сөздердің қыры мен сырын, олардың қалай қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасалу тетігін жүйелі түрде арнайы зерттеу бүгінгі күннің талабы. Алайда қытайдың бай сөздік қоры бірден қалыптасқан жоқ, оның лексикасы үнемі толығып, дамып, байып отырған.
Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұымдар пайда болады да, оларды атау қажеттігі туады. Қажеттікті өтеу үшін жаңа сөздер жасалады, кейде жаңа атулар басқа тілдерден де алынады. Қытай тілінің сөз қабылдау процессі, яғни кірме сөздер сөздік құрамының дамуы мен баюында негізгі қызметті тілдің өзіндік сөзжасам жүйесі атқарады. Осыған орай, жоғарыдағы жағдайдың барлығы ескеріліп, қытай тілінің сөздік қорына ұлғаюына аса маңызы бар және грамматиканың алтын қорынан орын алатын сөзжасам жүйесін осы жұмыста жан-жақты қарастыруды ұйғардық.
Сөзжасам – номинативті бірліктерді құрайтын механизм, тілдің номинативті әрекет өрісі және сөздің құрылымы мен жасалу негіздерін зерттейтін грамматиканың негізгі ұйтқысы болып табылады. Қытай тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Сөзжасам – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, зерттеу тәсілі мен әдістері бар, жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір жүйелі саласы.
Сөзжасам процессінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас,себебі, әлемдік әртүрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз тудыратын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің бір саласы ретінде бағаланады.
Осы диплом жұмысын жазудағы басты мақсат: сөзжасамның қытай тілі грамматика тарихында алатын орнын анықтап, талдап көрсету; сөзжасамның жаңа мағыналы белгілеудегі, ұғымды таңбалаудағы рөлі мен маңызын ашып көрсету.
Аталған мақсаттарға жету жолында зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер жүктелді:
– түбірлер мен қосымшалар арсындағы құрылымды - семантикалы сабақтастықты анықтау;
– сөзжасам әдістерінің ерекшеліктерін көрсету;
– сөздер арасындағы сөзжасамдық туынды сөздердің баqланыстарын анықтау;
– синхронды және диахронды тұрғыдағы сөзжасам әдісін жан-жақты талдау;
– түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісін жете талдау;
– аффикстер арқылы сөзжасам әдісін ашып көрсету.
Диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде біз қарастырып отырған мәселеге қатысты зерттеу жұиыстары мен материалдар жоққа тән болғандықтан, тек қытай және орыс тіліндегі ғылыми еңбектерді пайдаландық. Атап айтсақ, қытай тіліндегі материалдар: Cунь Чансюйдің « Қытай тілінің лексикасы» атты еңбегін пайдаландық. Ғалымның осы еңбегінде көрсетілген сөзжасам жайында жалпы түсінік пен морфема туралы ұғым және сөзжасамның байланысы жайында мағлұматтар диплом жұмысын жазу барысында көп септігін тигізді. Орыс тіліндегі ғылыми еңбектер: Кубрякова Е.С « Сөзжасам» еңбегінен сөзжасам процессінің негізгі әдістері мен осы әдістер арқылы жасалған туынды сөздердің қызметі туралы бірқатар материалдар алсақ, ал, Семенас Л,А «Қытай тілінің лексиколгиясы», Хаматова А:А «Қазіргі қытай тілінің сөзжасамы» еңбектері аффикстер арқылы сөзжасам әдісін және қытай тілінің сөзжасамындағы басқа да әдістерін жете зерттеп, тақырыпты ашуда айтарлықтай үлес қосты.....
Дипломдық жұмыстар
Толық