Қазақ әдебиеті | Қазақ аңыз-әңгімелерінде тұлпар бейнесінің сомдалуы

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарында, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар, ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз,- [1; 1б.] делінген. Сондықтан біз, Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосуға міндеттіміз.
Дипломдық жұмыс қазақ халқының асыл түлігі - тұлпар бейнесінің әдебиетімізде жеке образ болып қалыптасуы, осы образ арқылы шығармаларда өмір шындығы мен кейіпкер тағдырының көрініс табуы, оның көркемдік тұрғыдан жинақтауға әсері сынды мәселелерді қарастыруға арналған. Дипломдық жұмыста қазақ ауыз әдебиетіндегі тұлпарлар бейнесі: жылқы малы туралы наным-түсінік, тұлпарлар бейнесін сомдауда кейіпкер тағдырының көркемдік тұтастығы, қазіргі әдебиеттегі тұлпарлар бейнесінің өзіндік қырлары кеңінен көрсетіледі.
Қазақ халқын: "ер қанаты - аттан" бөлек қарау мүмкін емес. Арыдағы арналарды еске алсақ, халық әдебиеті үлгілерінде, көне жазба ескерткіштердің тасқа қашалып жазылған мұраларында тілге тиек етіліп, аласапыран замандарда да елге қорған, ерге қанат бола білген тұлпарлар көп жырланады. Мінсе -көлігі, жесе - азығы, ішсе - сусыны болған сенімді серігі - тұлпарларға айрықша мән берген. Қазақ халқының өмір тарихы мен өткен жолы асыл жануар - жылқымен байланысты болғандықтан, оны ән-жырға қосып жырлап, мифтік санада өз жаратушысы деп те сенген . Бұндай дәлелдерді халық тарихы мен өмір-тұрмысынан жиі ұшырастыруға болады.
Қазіргі таңда тілдік, этнографиялық, тарихи тұрғыдан мол мағлұмат беретін ауыз әдебиетінің туындылары - көптеген ғылымның зерттеу объектісіне айналуда. Қазақ тұлпарларының әуел бастан халқымыздың санасына, дүниетанымына етене жақын болғандығын дәлелдейтін рухани мұраларды С. Қондыбай [3], А. Тоқтабай [4] т.б. археолог, этнограф зерттеушілеріміздің еңбектерінен кездестіреміз. Қазақ халық әдебиетіндегі жылқы малының орны жөнінде Ә. Қоңыратбаев [5], Н. Келімбетов [6], А. Қыраубаева [7], Р. Бердібай [8] т.б. еңбектері зерттеушілер үшін құнды ғылыми - танымдық мәліметтерді алға тартады.
"Мал патшасы - жылқының" әдебиеттегі орнын, оның образын биік тұғырға көтерген Ғ. Мүсірепов , Т. Әлімқұлов , Қ. Жұмаділов , С. Бақбергенов т.б. қаламгерлер тұлпар бейнесін көркем де шынайы суреттеген.
Шындығында да, жан - жануарлар қай халықтың болмасын фольклоры мен әдебиетінде елеулі орын алатындығы әдеби шығармалардың тереңіне үңілген адамға мен мұндалап - ақ түр. Жылқы жайлы Қазақ Совет энциклопедиясындағы тарихи деректерге сүйенсек, біздің заманымыздан 7000 - 6000 жылдар бұрын Азия, Африка, Европада қолға үйретілгендігі сөз болып, сондай - ақ, жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған, - делінген . Осы ретте, Қазақстан территориясынан табылған Ботай мәдениетін зерттеуге ат салысқан ғалымдар: В.З. Зайберт , Л.А. Маркова, М.К. Хабдулина, Г.Б. Зданович т.б. энеолит дәуіріндегі табылған сүйектердің - 99,9 % - і жылқынікі болғандығын тап басып көрсетеді.
Қазақстан - Американ біріккен экспедициясының қорытындысы табылған жебелердің үшына жасалған талдауларда жылқы малының қаны табылмағандығын айта келіп, II ғасырда жылқыны қазақтар қолға үйреткендігін дәлелдеген . Эпостық шығармалар ішінде жиі кездесетін, кез-келген елдің ауыз әдебиет туындыларында мол ұшырасатын бейне - жылқы болып табылуы да тегін емес. Шығармалардың басым көпшілігінде ол адамның жақын досы, ақылшысы, сырласы, тағдырласы түрінде өріледі. Мәселен, Саха -Якут, түркі халықтарының дүниетанымында жылқы - жаратушы ана, апам -напат тотемі жылқы - тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы (пырақ) күш немесе шаманның ие - қыласы, жылқы - адам не сиқыршы ретінде сомдалған. Қазақ әдебиетінде XX ғасырдың 60-80 жылдар аралығындағы прозалық шығармаларында да тұлпар образына байланысты көркемдік ізденістер оқырман назарын өзіне аударады. Бұл шығармалардағы басты идея -тұлпарлардың адам өміріндегі өзіндік орны, тарихи қоғамдық - әлеуметтік шындықтың тұлпарлар образымен сабақтасуын, тұлпардың сымбаты мен сұлулығы, ат баптаудағы дәстүрлі мектептер суреттелген. Мұның бәрінен, әрине жылқы - халқымыздьщ қымбат қазыналарының бірі, өмір - тұрмыстағы жиі пайдаланатын, қадірлі де қасиетті жануарларының қатарына жататынын білеміз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық