Экономика | Қазақстан республикасындағы биржа нарығын ұйымдастыру және дамыту

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ХХІ ғасырдағы әлемдік экономикалық жүйенің басты сипаты қаржылық жаһандану болып отыр. Ол халықаралық экономикалық өмірдегі қаржылық қызметтердің үлесінің арту үдерісін жеделдетуге септігін тигізуде. Ал бағалы қағаздар нарығының биржалық жүйесінің жаһандануы сол қаржылық жаһанданудың бірден-бір ішкі құрамдас бөлігі болып табылады.
Биржа нарығының тиімді қызмет етуі кез – келген ел экономикасы үшін маңызы зор.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Біз тиімді жұмыс істейтін биржа нарығын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақтауларын құнды қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес халықты инвестициялық сауаттылық әліппесіне нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыс жүргізу де қажет», - деген болатын. Сондықтан да қазіргі таңда Қазақстан биржа нарығын қарастыру өзекті болып отыр.
Бағалы қағаздар нарығының, биржа нарығының, капитал нарығының қызмет ету негіздерін алғаш болып әлемдік экономикалық түсініктердің негізін қалаушылар А.Смит, Д.Риккардо, К.Маркс және Ф.Энгельс өз еңбектерінде қарастырды, ал одан кейін әртүрлі ғылыми мектептердің өкілдері Л.Брентано, К.Бюхер, М.Вебер, Т.Веблен, К.Викселль, Э.Линдаль, Э.Лундберг, А.Маршалл, К.Менгер, Д.Норт, Б.Улин, Г.Шмоллер, А.Штиллих олардың ізін жалғастырды.
Қазіргі заманғы шетелдік зерттеушілердің ішінен П.Айтман, Дж.Далтон, Г.Дефосса, С.Классенс, М.Осфелд, А.Тейлор, Дж. Тьюлз, сондай-ақ, ресейлік Л.Абалкин, М.Алексеев, Е.Алифанова, В.Боровкова, А.Вострокнутова, В.Галкин, Л.Добрынина, Е.Жуков, О.Иншаков, Г.Каменева, А.Малявина, В.Масленников, Я.Миркин, Б.Рубцов, В. Торкановский, Г.Черников сынды ғалымдарды атап өтуге болады.
Отандық зерттеушілер Г.А. Абдрахманова, Д.Т. Бохаев, А. А. Ильясов, М.Б. Кенжегузин, Г.С. Сейтқасымов қор нарығының қалыптасу және даму мәселелерін, Г.Н. Шалгимбаева – реттеушілік инфрақұрылымын, В.Ю.Додонов – дамушы қор нарықтарындағы акциялар портфелін басқаруды, А.Р. Сайфуллина – нарық инфрақұрылымының қалыптасу мәселелерін қарастырған.
Бүгінгі таңға дейін, қор нарығы және оның инвестициялық үрдіске әсерінің теориялық және әдістемелік дәлелдемелері отандық экономикалық әдебиеттерде жеткіліксіз деңгейде қаралған. Осыған байланысты қор нарығының қызмет етуін, қор нарығы арқылы инвестицияларды тартуды ынталандыру механизмін қарастырумен байланысты зерттеулер бүгінгі күнде өзекті болып отыр.
Жұмыс мақсаты: Қазақстандағы биржа нарығының қызмет етуін шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып, оларды жетілдіру жолдарын тәжірибелік тұрғыдан зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
• Биржа нарығының экономикалық мазмұнын ашу және оның қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін факторларды жіктеу;
• Қазақстандағы биржа нарығының құрылымы мен динамикасының өзгеруін талдау, сондай-ақ оның дамуына әсер ететін негізгі факторларды анықтау;
• Биржа нарығының қызмет ету механизмін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау;
• Қазіргі жағдайдағы биржа нарығының даму болашағын айқындау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық