Физика | Физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Орта мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы-физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдетеді және кеңейтеді, олардың пәнге қызығушылығын арттырады. Егер оқушылардың пәнге қызығушылығы болмаса практикалық өмірмен байланысты қажетті мысалдармен қамтылған өте жоғары ғылыми деңгейдегі материал әдістемелік дұрыс құрылған сабақта өтілгеннің өзінде де күткен нәтижені бермейді.
Танымал кеңес педогогы В.А.Сухомлинский былай деп жазды: «Біздің бар ойлағанымыз, бар іздегеніміз және құрғанымыз, егер оқушының оқуға ынта-ықыласы болмаса көкке ұшады».
Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атаймыз. Мұндай сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:
1) Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.
2) Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық конструкциялық қабілеттерін арттыру.
3) Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.
4) Оқушыларды оқулықпен ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
5) Жастарға саяси-экономикалық, ғылыми-материалистік, патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.
Сыныптан тыс жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің танымдық қызығушылығын дамыту болып табылса, ал физикаға қызығушылығы тұрақты, әрі терең оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады
Физикадан сыныптан тыс жұмыстарының тиімділігін арттыратын ерекшелігі сабаққа қарағанда мүмкіндігі жоғары болып табылады. Оқушылармен жұмысты индивидуализациялау әрбір оқушыға өзінің
қызығушылығына, талабына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыстарды
таңдауға мүмкіндік береді.
Мына факті үлкен мәнге ие, бұл іс-әрекеттер қандайда берілген нәтижелерге жетуге міндеттелмеу керек, егер жетекші дұрыс ұйымдастырса ол оқушылар үшін міндетті түрде сәтті болады.
Физикаға танымдық қызығушылықтың дамуы және оның практикалық қосымшасы сыныптан тыс жұмыста қызықты ғылым мен техниканың элементтерімен кеңінен қатыстырумен және ғылыммен қазіргі өндірістің жаңа жетістіктерімен танысумен қамтылады.
Мұғалімнің алдында сыныптан тыс жұмысқа барлық оқушыларды тарту міндеті тұрмайды, бірақ ол физикаға қызығушылық танытқан оқушыларды байқау және оның жеке ерекшеліктерін қанағаттандыратын сыныптан тыс жұмыстың түрін табу керек.
Кейбір оқушыларға факультатив сабақтарға және физикалық үйірмелерге қатысып көруге, екіншілеріне техникалық үйірмелерге қатысуға, үшіншілеріне физикадан қызықты кітаптар немесе ғылыми-көпшілік мақалаларды оқып көруге бағыт беруге болады. Көпшілік оқушылар үй жағдайында тәжірбиелерді өз бетінше орындауға бейім болады. Бұл іс-әрекеттерде мұғалім тарапынан жетекшілік етуді талап етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық