Қазақ әдебиеті | Т.Әлімқұловтың күйішлік өнер және көркемдік жинақтау

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: 60-80-жылдардағы қазақ прозасы, оның көркемдік деңгейі, шеберлік аясы туралы сөз қозғағанда алдымен қаламгерлеріміздің үлкен бір шоғыры ойға оралады. Үлкені бар, кішісі бар, олардың қаламынан қазақ әдебиетіне тиесілі мол мұра қалды. Ендігі кезекте тарих еншісіне өткен осынау шығармалардың авторларына қайта оралып, олар туған әдебиетімізге айтарлықгай не қосты, не алды деп сұрау салсақ, кезінде еленбеген көп құндылықтарымыз кайта бағамдалып, кайтара бағасын алуға тиісті. Бұған дәл бүгін ешкім дау айта алмайды. Осынау қаламгерлердің бел ортасында Тәкен Әлімқұловтың есімі жеке-дара аталуға әбден лайықты.
Алдымен Тәкен Әлімкұлов өзімен замандас жазушылардың қатарында қалам тербеді. Бірақ оның басқалардан айырмашылығы жазған дүниелерінің ешқайсысы саясат жетегінде кетпеді, сондықтан бұл туындылар уақытынан озып, бүгінгі оқырманымен де табысып отыр. Яғни жиырмасыншы ғасырдан аттап, жиырма бірінші ғасырға асқан қайталанбас, аса қымбат ұлттық-рухани құндылықтарымыздың калың ортасында Тәкен туындылары да бар десек қателеспейміз.
Қайталап айтсақ, Тәкен Әлімқұлов шығармалары қазақ халқының өнер көшімен бірге ілесіп, шаршамай, шашасына шаң жұқпай, уақыт озған сайын қырлана түсіп, ұрпақтан-ұрпақ ауысқан сайын жарқырай түсетініне күмән жоқ. Оның әңгімелеріндегі, повестеріндегі, романдарындағы Абай, Махамбет, Ақан сері, Қорқыт, Ықылас, Тәттімбет, Сүгір, Сейтек, Сәкен, Әбікен Хасенов, Төлеген Момбеков сияқты, тағы да басқа өнер иелерінің образдары қазақ әдебиетіндегі қадау-қадау көркем тұлғалар ретінде қала береді. Оның басты себебі — бұл тұлғалар көркемдік биігінен табылды, заман шындығымен, уақыт тынысымен үндес, сабақтас сомдалды. Саясатқа бой алдырмады, саяси ортаға бейімделмеді.
Жиырма-отызыншы жылдар әдебиетіндегі Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты майталман қаламгерлердің жазған көркем дүниелері әлдеқашан әдебиетіміздің алтын қорына қосылды. Бұл туындылар енді ұлтымыздың мәңгі рухани құндылықтары санатында кейінгі толқын қаламгерлерге суреткерлік шеберліктің, жазушылық талап пен талғамның айнымас өлшеміндей жарқырап тұра беретіндігінде дау жоқ.
Ал енді осындай құнды көркем туындыларды дүниеге келтірген құнарлы орта, әдеби дәстүр, яғни жоғарыда есімдері аталған классиктеріміз уығын қадап, шаңырағын биікке көтерген Алаш ұранды әдебиет қазақ прозасының 60-80-жылдардағы кезеңіне де өз әсерін тигізді. Әсіресе, тарихи кезеңдер шындығын, айтулы өнер адамдарының өмір-тағдырын арқау еткен прозалық шығармалар оқырман назарына көбірек ілікті. Айтулы, талантты деген туындылар да, қарап отырсақ, осы тақырыптың еншісінде екен. Осы ат төбеліндей, аса дарынды, оза шапқан шоғырдың бел ортасында қаламгер Тәкен Әлімқұловтың да шығармашылығы оқшау көрінеді. Оның басты себебін қаламгердің көркемдік деңгейімен оқ бойы озық көрінген туындыларынан іздеу абзал. Бұл туындылар, яғни Тәкеннің, әсіресе прозалық шығармалары казіргі тұста әдебиет тарихының, әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанасына, тану өзегіне айналуы өте қажет. Бұл салада алғашқы қадамдар басталды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық