Қазақ тілі | Сөзжасамдық жұп және оның мағынасы

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық ұядағы себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты кейбір ғалымдар сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде қарастырады, сөзжасамдық ұяның, сатының, тізбектің бірлігі ретінде қарастырады.
Бірқатар ғалымдар, атап айтсақ, А.И.Моисеев, Л.К.Жаналина, т.б. өздерінің еңбектерінде сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде сөзжасамдық жұпты көрсетеді.
А.И.Моисеев ғылыми еңбектерінде «основная единица словообразования происходит в пределах словообразовательных пар; почти все ... явления словообразования можно обнаружить в этих пределах: производное слово, производящее слово, средство и способ словообразования, словообразовательное значение; а словообразовательные гнезда и типы сводимы к словообразовательной паре, т.е. могут быть равны ей ... словообразовательные в миниатюре» - деген ой тұжырым жасайды.
Ал, ғалым Л.К.Жаналина өзінің ғылыми еңбектерінде сөзжасамдық жұпты сөзжасамның негізгі бірлігі деп танып, оған мынадай сипаттама береді: Словообразовательной парой называется объединение мотивированного слова на основе отношения формально-семантической выводимости, т.е. словообразовательной ммотивации, с мотивирующим. Именно словообразова-тельная пара является основной единицей словообразовательной системы, так как она отвечает всем требованиям языковой единицы. Сомнение сожет вызвать ее элементарность.
Осы мәндес тұжырымды З.Бейсембайқызының «Қазақ тілін модуль негізінде оқыту» деген еңбегінен кездестіруге болады. Онда: «Негізгі сөзжасамдық құбылыстардың бәрі осы сөзжасамдық қосақтан тарайды. Сондықтан, сөзжасамдық қосақты «шағын сөзжасам» деп те атайды. Осыған орай, сөзжасамдық талдаудың да негізгі единицасы – сөзжасамдық қосақ болып табылады» - делінген.
А.Салқынбай «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты еңбегінде сөзжасамдық жұпқа мынадай анықтама береді: «Сөзжасамдық жұп – сөзжасамдық ұяның ең кіші бірлігі. Сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады. Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты құраушы тұлғалар өзара ұғымдық, тұлғалық және мағыналық байланыста болады» /1, 119/.
Б.Есімсейітов «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектердің құрылысын синхронды тұрғыдан сипатау» деген еңбегінде сөзжасамдық жұпты: «Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық қатынас негізінде сөзжасамдық жұп жасалады. Сөзжасамдық жұп – негіз сөз бен одан жасалған туынды сөзден тұратын екі құрамды сөзжасамдық құбылыс» - деп түсіндіреді. Яғни ғалымның еңбегінде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектің құрылымдық бірлігі ретінде қарастырылады.
Сөзжасамдық жұп өз алдына жеке зерттеу нысаны ретінде қаралмаған, десек те кейбір еңбектерде сөзжасамдық жұпқа анықтамалар беріліп, сипаттама жасалған. Бұл ретте Н.О.Оралбаеваның, А.Салқынбайдың, Б.Есімсейітовтың, З.Бейсембайқызының еңбектері мен мақалаларын көрсетуге болады. Сөзжасамдық жұп негізінен сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек мәселелеріне арналған еңбектерінде сөз болады. Бұл еңбектерде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық ұя, тарам, тізбектердің қарапайым бірлігі ретінде қарастырылады....
Дипломдық жұмыстар
Толық