Қазақ әдебиеті | Мұхтар Әуезовтің аударма пьесалары көркем аудармалары

КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі: Аударма тарихы алыстан келе жатыр. Бір халықтың екінші халықпен қарым-қатынас жасауы, танысуы, өз елінің ой-санасын өркендету тиянақты тірегі болып табылатын аудармаға дүние жүзінің атақты ғалымдары ерекше көңіл бөлген.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Орыс классиктері мен бүкіл дүниежүзілік әдебиет классиктерінің шығармалары қазақ тіліне көп уақыттан бері үзбей аударылып келеді.
Сонымен қатар қай халықтың болса да, сондай-ақ қазақ халқының өмірінде аударма әдебиет зор роль атқарады. Сондықтан аударма мәселесі - өмірлік мәні бар маңызды мәселе. Аударма арқылы жұрт адамзат ақыл иелерінің басынан шыққан асыл қазыналармен танысады. Аударма арқылы халық өткен ғасырлардағы және осы замандағы дүниежүзілік мәдениеттің жемістеріне ие болады. Аударманың маңызы мұнымен ғана сарқылмайды. Аударма ана тілінің қалыптасып, дамуына да әсер етеді.
Экономикамыз бен мәдениетіміздің орасан өсуі нәтижесінде қазақ тілінің сөздігі жаңа сөздермен, сөйлемшелермен байыды. Қазақ тілінің қалпы, оның грамматикалық құрылымы, негізгі сөздік қоры бұрынғы күйінде қалғанмен, қазір оның сөздік қоры молайды. Кейбір ескірген сөздер сөздік қорынан шығып қалды, көптеген сөздердің мағынасы өзгерді, тілдің грамматикалық құрылысы жақсарды. Әдеби тіліміздің осындай қалыптасу процесінде орыс кітаптарын қазақ тіліне аударудың елеулі маңызы болды.
Жұмыстың мақсаты: М. Әуезов шығармашылығының аударма саласымен байланысын, қарастырып, аударма шығармаларымен танысу. Атаулы қойылған мақсатта келесі міндеттер анықталды:
- М.Әуезовтың аудармашы ретінде әдебиетте алатын орнын анықтау;
- Жазушының аударма еңбектерін қарастыру;
- М.Әуезовтың аудармасы мен қазіргі кездегі аударманың сабақтастығын қарастыру;
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста М.Әуезовтың аудармашылық қызметі бүгінгі заман тұрғысынан қарастырылады. Себебі, аударма - шын мағынасында ғылыми жұмыс. Аударма творчестволық ізденудің, әдеби шеберліктің нәтижесінде туады. Осы мағынада аударма өнері деп танылады. Аударма өнеріне жетілу үшін, біріншіден, шығарма қай тілге аударылса, сол тілді, яғни қазақ тілін жақсы білу керек. Қазақша сөйлеу, жаза білу қазақ тілін озық білгендік болып табылмайды. Ана тіліміздің бүкіл байлығын меңгерген, әдеби тілдің заңдарын игерген және оларды іс жүзінде қолдана білетін адамдар ғана қазақ тілінің шебері деп есептелінеді. Екіншіден аударма өнеріне жетілу үшін шығарма қай тілден аударылса, сол тілді, яғни орыс тілін жақсы білу керек. Оны ресми сөздіктердегі мағынасында ғана емес, халықтың ауызекі сөзінде кездесетін әр алуан мағынасында жете түсіну қажет. Үшіншіден, аудармасы аударылатын шығарманың мазмұнын оның жазылған дәуірін, сол дәуірдегі тарихи оқиғаларды зерттеп білуге міндетті. Міне тек осындай шарттарды орындағанда ғана аударма өнеріне жетілуге болады.
Жұмыстың ғылыми негізділігі: Атаулы аударма тақырыбы ХХ ғасырдан бастап зерттелініп келе жатқан тақырып. Бұл саланың дамуына М.Әузов, С. Талжанов, бертін келе Г Қазыбек, Л.У.Абенова және басқа да зерттеушілер өз үлесін қосып отырды. Атаулы салада жазылған біраз ғылыми еңбектер де баршылық.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде М.Әуезовтың аударма шығармалары, аударма саласына қатысты жазған ғылыми зерттеу мақалалары, тікелей аударылған автор шығармалары, ғылыми мақалалар, оқулықтар, баспасөз беттеріндегі материалдар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА

1.1. Аударма түсінігі, анықтамасы, тарихы және мәселелері

Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым – қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған. Аударма – халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, себебі ол – бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімінің қайнар бұлағы, тіл ұстарту мектебі.
Аудармашы - өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым – қатынастың, алыс – берістің, айырбастың құралы. Аударма – елтану жолы, достықтың, ынтымақтастықтың, тәжірибе – тағылым алмасудың делдалы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық