Қазақ әдебиеті | Күләш Ахметованың лирикасы

Кіріспе
Әдебиеттің тегі бейнелеу тәсілінің үш түріне қарай жіктелетіні әдебиет теориясынан белгілі. Бірі – автордың өз атынан баяндау (лирикалық түр), екіншісі – кейіпкердің толғанысы (лирикалық түр), үшіншісі – кейіпкерге өзара қақтығысып сөйлесу (драмалық түр).Әдебиетте қалыптасқан қанша жанр болса, соның барлығының атқаратын қызметі – өмір шындығын әр қырынан танытып, көркем шындықтың суретін салуға септігін тигізу. Осы жағынан алып қарағанда, әр жанрдың, әрине, өзге ұтымды жақтары бар.Көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі – лирика. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім әсерсіз, құрғақ қағида-тұжырымдар арқылы берілсе, оқырманды тебірентпейді. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан тумаған жай сезімшілдік лириканы жандандыра алмайды. Лириканың басқа жанрлардан айырмашылығы да, өзіндік артықшылығы да бар. Академик Зәки Ахметов «Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі, сезімі суреттеледі. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан-дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді»/1.216/.
Адам жанының тереңдігіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының өзіндік ерекшеліктері, оның өзге жанрлардан айырмашылығы орыс әдебиеттануында кеңінен зерттелеген. Атап айтқанда, Л.Гинзбургтің «О лирике», М.Гринбергтің «Лирическая поэзия», «Три грани лирики». Ал Михайловтың «Лирика сердца и разума», М.Поспеловтың «Лирика среди литературных родов», В.Бузниктің «Лирика и время», Л.Г.Фризманның «Жизнь лирического жанра», Полкиннің «Лирика как искусство стихотворного слова», т.б. еңбектерінде лирика мәселесі кеңінен сөз болса, қазақ әдебиеттануында да осы жанр төңірегінде жазылған көптеген ғылыми кітап, монография, мақалалар да баршылық. А.Байтұрсыновтың «Ақ жолынан» бастап, Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы», Қ.Жұбановтың «Замана бұлбұлдары», Қ.Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі», Е.Ысмайловтың «Ақындар», М.Қаратаевтың «Шеберлік шыңына», М.Дүйсеновтың «Қазақ лирикасындағы тақырып пен көркемдік шешім», М.Базарбаевтың «Көрікті ойдан көркем сөз», З.Қабдоловтың «Сөз өнері», С.Қирабаевтың «Әдебиет және дәуір талабы», З.Ахметовтың «Өлең сөздің теориясы», Б.Кәрібаеваның «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы», Қ.Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік», т.б. көптеген еңбектерде қазақ поэзиясы, лирикасы жүйелі түрде талданып, зерттелініп келеді.
Қазақ поэзиясындағы сапалық күрт өрлеу, жедел кемелдену, негізінен 60-жылдардан басталады. Поэтикалық даму шексіздігінің әр тұсынан бір толқын көтерген қуатты жарылыстар мен дүмпулер кезеңі боп тұратыны белгілі, 60-шы жылдар феномені де сол тектес бір «қопарылыс» мезеті еді. Оның тарихи себептері саяси, әлеуметтік-психологиялық дәйекті негіздері бар. Бұл өзі социалистік Құрылыс ауқымындағы демократияның сәл де болса кеңейе түскен, И.Эренбург «Жылымық» (оттепель) деп ат қойған кезеңде, жеке адамға, оның жан дүниесі мен рухани ділгірлігіне тереңдей үңілуге шақырған уақыт талабына, қоғамдық сана-сезімнің өрлеуіне тұспа-тұс келген, сонымен тікелей байланысты құбылыс болатын. Жеке бастың қадірі туралы концепцияның қайта жандануы лириканың да кібіртігін жазып, тұсауын шешті. Лирика кенет шешіліп, өз тілімен сөйлей бастады. Дүниеге кәдімгі ет пен сүйектен жаратылған жанның болмысынан сәулеленген поэзия келді. Лирикалық кейіпкер арқылы адам жанының тереңі, қасиет-қуаты пердесіз көрініс тапты. Қазақ поэзиясындағы осы жаңа дәуір О.Сүлейменов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, К.Ахметова т.б. есімдермен тығыз байланысты /2.63/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық