География | Кіші Азия түбегін рекреациялық пайдаланудың географиялық мәселелері

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Азия елдерінің ішінде Түркия экономикасы біршама жоғары деңгейде дамыған ел болып табылады. Оның географиялық орны, табиғатының басты ерекшеліктері, тарихи-географиялық жағдайы, шаруашылығының салалық құрылымының өзгешелігі, халықаралық маманданған қызмет көрсету салаларының қазіргі жағдайына сипаттама жасай отырып, тәуелсіздік жылдарындағы басты даму бағыттарына сараптама жасалынды. География мен экономика ғылымдарын ұштастыра отырып, Кіші Азия түбегінің қазіргі таңда туристік-рекреациялық жағынан дамуының бағыттарын қарастыру және Қазақстандағы туризм саласын дамытуға Түркия тәжірибесін пайдалануды талдау зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі дерек көздерін талдау негізінде Кіші Азияның қазіргі заманғы әлеуметтік-географиялық даму бағыттарын анықтап, аймақ дамуының тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.
Диплом жұмысының мақсаты алдыға қойған келесі міндеттерді шешуді көздейді:
• Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық жағдайына талдау жасау мен табиғи ресурстарына баға беру; ерекше қорғауға алынған ұлттық саябақтардың аймақ табиғатының тепе-теңдігін, табиғат эталонын сақтаудағы маңызын қарастыру;
• Кіші Азия түбегі қалаларының әлеуметтік-географиялық даму бағыттарына сипаттама беру; аймақтағы туристік-рекреациялық ресурстарының халықаралық маңызын анықтау.
Диплом жұмысының нысаны ретінде Кіші Азия түбегі және оның рекреациялық бағытта игерілуі алынды.
Ғылыми зерттеудың жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысында Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық ерекшеліктері мен туристік-рекреациялық мүмкіндіктері айқындалып, қазақ тілінде жазылды. Шаруашылық салаларының әрқайсысына талдау жасалып, бүгінгі күнгі экономикалық көрсеткіштері ұсынылды. Қазақстанда түрік тәжірибесін пайдалану зерделенді. Сонымен қатар даму жобалары енгізіліп, оларды саралау бойынша дамудың жаңа бағыттары ұсынылған.
Диплом жұмысының қолданбалы мәні. Зерттеу нәтижелерін 7, 10, 11 сыныптардың география сабағында, жоғарғы оқу орындарында «Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы», «Қызмет көрсету географиясы», «Тұрғындар географиясы», «Рекреациялық география» сабақтарында қосымша дерек көзі ретінде пайдалануға болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық