Қазақ тілі | Зат есім мен етістіктің денотаттық және сигнификаттық мағынасы

КІРІСПЕ
Тілдің тарихы мен сөздердің тарихы халықтың тарихымен тығыз байланысты болады. Сөздердің тарихы, олардың шығуы мен даму құбылысы еш нарсені аңғартпайтын, өзімен-өзі қалып қоятын құбылыс емес. Сөздердің өзгеріп даму тарихынан, әсіресе олардың мағыналық жақтан даму тарихынан, адам ойлауының табиғат құбылыстары мен қоғам құбылыстарын ғасырлар бойында танып білуге ұмтылып күш салуының тарихы көрінеді. Яғни, табиғат пен қоғам жайындағы біздің қазіргі ұшан-теңіз білімдеріміздің шыққан бұлағы – түптеп келгенде, еңбек пен ойлау.
Сөз – күрделі тілдік единица. Оның күрделі табиғатын ашып айқындау үшін, ең алдымен, сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының арақатынасын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның арақатынасын айқындап алу қажет. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Дыбысталу (тіл дыбыстарының тіркесі) сөздің материялдық жағын құрастырса, мағына (мазмұн) сөздің идеялық жағын құрайды. Екі жақ – дыбысталу мен мағына сөздің бір-бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі – сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Демек, сөз – дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица.
Сөздің екінші жағы болып табылатын сөз мағынасының бірнеше бөліктері бар. Олар: сөздік мағына, тілдік мағына, лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері, лексикалық мағынаның ұсақ бөлшектері. Менің қарастырайын деп отырғаным лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері. Соның ішінде денотаттық және сигнификаттық мағына.
Зерттеушілердің қай-қайсы да сөздің семантикалық мағынасының өте күрделі екендігін мойындайды. Себебі, оны қалыптастыруға қисапсыз сыртқы факторлар мен ішкі факторлар қатысады. Олардың барлығының сыр-сипатын ашып, орын-орнына қою оңай шаруа емес. Бұл ретте лексикалық мағынаны құрамдас бөліктерге айырып-ажыратудың әдістемелік жағынан маңызы зор.
Мағына, бей-берекет, шым-шытырық жатқан әлем емес, бір жүйеге түсіп, бір тәртіпке бағынған, өзара тығыз байланысқан құрылымдық бөліктердің жиынтығы. Ал ол қандай бөліктер? Жоғарыда атап өткендей денотаттық және сигнификаттық мағыналар. Енді осылардың әрбіреуіне жеке тоқталып, кеңірек түсіндіріп шығайық.
Денотаттық мағына. Сөздің жеке адамдарға тәуелді болмайтын, белгілі бір қоғам мүшелеріне , сол тілде сөйлейтін адамдарға жаппай түсінікті мағынасы болады. Ол мағына өзімізді қоршпған дүниедегі заттарды, заттардың қарым-қатынасын, табиғат-құбылыстарын, іс-әрекеттерді, тағы басқаларды бейнелейді де, сөз мағынасының негізгі ядросын жасайды.
«Сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жататын мағынасын тіл білімінде деноттатық мағына деп атайды» /1,15/.
Денотаттық мағынаға зерттеушілеріміздің берген анықтамаларына тоқталып өтсек.
«Сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жататын мағынасы – денотаттық мағына деп аталады » /1,4/.
«Денотат сөздің мағынасы арқылы білдірілетін обьектив дүниедегі заттар мен құбылыстар» /2,95/.
Лингвистикалық түсіндірме сөздігінде денотаттық мағынаға төмендегідей анықтама берілген.
«Денотат (лат. Denotatum – таңбаланушы) – белгіленетін зат». «Денотат» термині мынандай мағыналарда қолданылады:
1) нақтылы сөз бөлігінің денотаты референтпен пара-пар деп саналады (Ч. Огден, А.Ричардс);
2) белгілі бір тілдік (абстрактылық) бөліктің денотаты – болмыс обьектілер жиынтығын (заттар, қасиеттер, қатынастар, құбылыстар, жағдайлар, процестер, әрекеттер т.б) атайтын тіл бөлігі.
Тіл бірлігінің сигнификаттық мағынасының маңызды қырлары неғұрлым көбірек болса, соғұрлым оның денотаты нақтылы болады. Тілдегі сөздердің арасында «тұрақты» референциясы бар сөздердің («Иллияда» авторы, «Абай жолы» авторы ) бір элементі денотат болады. Сонымен қатар, көп элементті денотаты бар сөздердің референциясы «тұрақсыз» болатынын да ескерген жөн» /3,89/.
Қазақ тілі энциклопедиясында денотатқа төмендегідей анықтама берілген.
«Денотат (лат. Denotatum – белгілеу) – заттың, белгілі бір нәрсенің атауы. Денотат бірнеше мағынада қолданылады:
1) Референт орнына жұмсалады, екінші сөзбен айтқанда, сөйлеушінің түсінік – қабілетіне байланысты тілден тыс беллгілері бойынша атау болып келеді.
2) Денотат – белгілі бір топтағы заттардың, қасиеттердің, қатынастардың, жағдайлардың, процестердің, қимыл-әрекеттердің ұқсастықтарына қарай ортақ атау немесе солардың әрқайсысының атауы.
3) Денотат адамның қызмет бабына, атақ-дәрежесіне т.б қатысты да пайдаланылады » /4,93/.
Ал орыс тілші ғалымдарымыз денотаттық мағынаны референттік мағынамен қатар ала отырып, әрбіреуіне жеке анықтама беріп, ажыратып жазады......
Дипломдық жұмыстар
Толық