Педагогика | Жас мамандарда кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі:
Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті – күрделі құбылыс. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттерінің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.
Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың екбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды , сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар адамның екке деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуындағы бейімделуі. «Кәсіби адаптация», - бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Төселудің алғашқы кезеңі өндірістік практика кезінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады [10].
Мамандық таңдауда Ж.Аймауытов қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс екендігін ерекше сипаттаған.
Американ зерттеушісі Ф.Парсонс мамандықты дұрыс таңдау үшін ең алдымен өзі және өзінің қабілеті туралы толық білу керек екендігіне ерекше мән берген.
З.Фрейд бойынша, еңбек адам өмірін құрайды және мәнді етеді. Еңбек іс-әрекетінде адам өзі үшін қолайлы қызмет атқарады, себебі ол ақиқат өмірге бейімделуге және үйренуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп адам есеюге ұмтылыс жасайды. Оның ойынша, адамдар көп уақытын еңбек іс-әрекетіне жұмсаса, адам бойындағы қуат жасырын түрде қалып, махаббат пен жеке белсенділікке аз қуат қалады. Неофрейдистерді еңбектің тек тұлғалық құрылымы ғана емес, психологиялық функциясы да қызықтырады. Оральды тип жеке тұлғалық қарым-қатынасқа тез түседі, сөйлегіш, дауласуды ұнатады, сондықтан оларды оральды типтес мамандықтар; мұнда дантист, заңгер, радиокомментатор, тб. мамандықтар қызықтырады. Анальды типтес адамдарға реттілік, қырсықтық, үнемдегіштік, өзін-өзі бақылау тән. Олар бухгалтерлік, кітапханашылық немесе банк, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты мамандықтарға сай келеді. Осындай тұжырымдардан еңбектің психологиялық қызметі өзекті мәселе болып қала берері анық [55].
Әр маман өзінің жұмысында кәсіби бейімділігімен байланысын еске түсіруге болады. Жаңа оқу бітіріп келген жас маман орташа есеппен жаңа жұмыс орынына 6 айдан 3 жылға дейін үйренеді. Сол уақытта жас маманның кәсіби бейімделуі процесін жандандыруға және жеңілдетуге қалай болады? Ең алдымен өзін жақсы басқара алатын адам ғана жақсы маман болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық