Дене шынықтыру | Спорттық қабілеттер мен дарындылықты анықтау

Қазіргі қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарындадене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан жылға аурулардың саны көбеюде. Осыған орай болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996 – 2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойып (1996ж), 1997 жылы «Қазақстан - 2030» бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы «Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт» туралы заңы қабылданып, 2001 жылы «Қазақстар Республикасының 2001 – 2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбиесі саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыдан анықтап, қалыптасқан жағдайға жаңаша көзқараспен қарай отырып, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сай білім және тәрбие беру. Сонымен қатар жас ұрпақтың өркениетті қоғамда бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін адамгершілікті, имандылықты және ізгілік мінез – құлықты, іскерде, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті адамзат тәрбиелеу. Сондықтанда дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндкгі атқарар әлеуметтік ықпалы зор деп есептейміз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы