Дефектология | Күрделі сөйлеу бұзылысы бар жасөспірімдердің ойлау әрекетінің ерекшеліктері

Гуманизация мен интеграция негізінде білім берудің қажетілігін ерекше балаларда қолдану психологиялық тұрғыда қарастыратын арнайы психология қазіргі заманда дамуда. Көптеген клиникалық зерттеулердің анықтамасына сәйкес, қоғамдық өмірде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны өсуде. Сөйлеу тілі бұзылысы бар балалардың саны ерекше.
Ақыл-есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеу арнайы мекемелердің алдында тұрған үлкен міндет болып табылады. Сондықтан мемлекет қазіргі таңда дамуы мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың барлығы елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балалрдың әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдану туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көсртеудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулау және кәсіби даярлығын шешуде, бала мүедектігінің алдын алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер жан-жақты қарастырылған.
Білім туралы заңның 2-тарау 8-бабаның 6-тармақшасында «мемлекеттегі дамуы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқу түзетуіне және әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етіледі» делінген.
Қазіргі таңда Қазақстанда оқушыға түзету-дамыту көмегін ұйымдастырудың анықталған нақты тәжірбиесі жинақталған, білім беру бағдарламасын жетілірудегі қиындықтарды өткізуде Ж.И.Намазбаева, Р.А.Сүлейменова, Қ.Шаризданова және т.б. еңбектері атап өткен жөн. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық