ПМНО | Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары

Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы – елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық дербестікке ие бола алғандығының жарқын көрсеткіші. Ендігі міндет осы Тәуелсіздікті сақтап қалуға байланысты қойылады. Оның бір тармағы – қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңалануына жоғары деңгейлерге көтерілуіне тікелей байланысты болмақ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет ретіндегі болмысы оның мектепке беріп отырған сұранысынан танылады. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлауы мен тілі сапалы дамытылуы басты нысанға айналып отыр.
Қазақстан Республикасының болашақта дамыған елдер қатарынан танылуы үшін, Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы нысандар орындалу керектігі белгілі. Бірақ соның барлық бастауы қазіргі мектептерде екендігін ұмытпау керек. Қазақ тілін теориялық деңгейде оқыту барысы оқушыларды теориялық біліммен қаруландырып қана қоймайды, оқушыны өз бетімен ғылыми білім алуға үйрететін ғылыми әдістермен де байытады. Ғылыми ойлау тәртіптерін үйрету арқылы, ойлау мәдениетін қалыптастыру, оның жалғасы болып табылатын ойын сыртқа шығару, яғни сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мен дамыту міндеттері де шешіледі.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде танылып, ана тілінің мемлекеттік тұрғыда қамқорлыққа алынуы білім беру жүйесінің алдына қазақ тілінің оқытылуымен байланысты үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттер тілдің коммуникация құралы ретінде қоғамда алатын орнын танытумен байланысты еді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық