Экономика | Халықты жұмыспен және оны мемлекет деңгейінде шешу жолдары

Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшу кезінде, бұрынғы экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды. Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды, жоспарлы эконмикаға үйренген ел жаңа өзгеріске өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарықтық экономикаға тән көріністер орын ала бастады, өнеркәсіптер мен кәсіпорындар тұрып, теңге тұрақсызданып, инфлияция өсіп, жұмыссыздар саны көбейіп, ел экономикасы құлдырау шегіне жетті. Осыдан экономиканың негізгі мақсаты – адам, адам факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен қамтамасыз ету. Бұдан экономиканың құраушы бөлігінің бірі еңбек нарығы болып табылады. Қазіргі уақытқа сай екі әлеуметтік экономикалық функция орын алған: адам ресурстарын бөлу және табысты, еңбекақы мөлшерлерінде еңбегін ынталандыру бағалау арқылы бөлу.Осы мақсаттарға жету мемлекеттің қатысуымен реттелуі қажет.
Мемлекеттік реттеу - әлеуметтік еңбек қатынастарындағаы ең қиын пунк. Еңбек нарығын нарықсыз реттеудің негізгі субъектілері мемлекет пен кәсіподақ. Әсіресе еңбек нарығында мемлекеттің басқа нарықтарға қарағанда белсендігі өте жоғары. Бұл түсінікті, себебі жұмысшы күшінің көзқарастарын қорғауы мемлекеттің негізгі міндеті. Мемлекеттік реттеудің ңарықтық рет теуден айырмашылығы, ол нарыққа тәуелсіз келісімдер арқылы және арнайы мінездемелер мен бұрынғы жазбалар негізінде жүзеге асады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Мектеп деңгейіндегі ұйымдардың саны және тәрбиелеу мен оқыту

Кіріспе
Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
І. Мектеп деңгейіндегі ұйымдардың саны және
тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Клиентке магазин класының деңгейінде қызмет ету

InterBase деректер қорының файлдары қара жәшіктер (black box) принципі бойынша құрылады, яғни бір файлда метадеректер (ДҚ құрылымының сипаттамасы), деректердің өздері, индекстер, сақталатын процедуралар, үлкен екілік объекттер(BLOB) және т.б. сақталады. MGA (Multi-Generational Architecture) жазбаларының көптеген ұрпақтарының архитектурасы ең күрделі мәселелердің бірі RDBMS – деректерге өтімділікті блоктау мәселесінің шешімін ұсынады. InterBase-ке негізілген деректердің көпнұсқалық механизмі оқу бойынша блоктауды болдырмайды. Оқу және жазу транзакцияларының басында ДҚ "бейнелері" құрылады, олар сәйкес транзакциялардың аяқталуы бойынша босатылады. Олардың қолданылуынан кейін босатылған кеңістік жаңа деректерді немесе олардың нұсқаларын сақтау үшін қолданылуы мүмкін. Босатылған кеңістікті оңтайлы толтырылуын қамтамасыз ету үшін InterBase-те "қоқысты жинау" (garbage collection) деген қосымша механизм бар. Сонымен қатар ол транзакциядан кейін қалған жазба нұсқасынан кеңістіктің тазартылуын орындайды. Жазбаларды жою операцияларын болдырмау мүмкін болғандықтан InterBase сервері жазбалардың физикалық жойылуының орнына оларды жою керектігі туралы белгімен ғана белгілейді. Қажет емес нұсқаларды босатқаннан кейін басталған транзакция оған қатсыты функцияларды ғана орындап қоймай, сонымен бірге алдыңғы транзакциялардан қалған қоқысты жинау функциясын іске қосатындығын ескерген жөн.
Көпнұсқалықты талдау үлкен монографияға айналуы мүмкін. InterBase ұсынатын жол өзінің үлкен жасына қарамастан осы уақытқа дейін әмбебап болып отыр. "Блоксыз оқу" технологиясы көпнұсқалық ядро негізінде деректердің өзара үйлесуін және істен шығу кезінде тез қалпына келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл журналдық файлдарды сақтау және қолдау қажеттілігінің жойылуы арқасында мүмкін болады. Белсенді блоталған қатынау кезінде олардың өлшемдері барлық деректер қорының өлшемінен 10% құрайды.
Ақиқат уақыт ішінде деректерді талдау және шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесін жүзеге асыру үшін (DSS-Decision Support Systems) ДҚ-ның жаңаруы кезіндегі транзакциялардың жеткілікті ұзындығына арналған деректердің кері еместігін қамтамасыз ету керек. Дәл осындай күрделі мәселелерде InterBase өзінің жақсы жақтарын көрсетті: Бостондық биржада, Magnavox жобасында және АҚШ қарулы күштерінде және т.б. көбінесе осындай мүмкіндіктер салдарынан бұрыңғы Кеңес үкіметіне InterBase-ті енгізуге қойылған шектеулер алынды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты

Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу поцесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарым қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де андататын болды. Мұгалім мен оқушының бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін андатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. ....
Курстық жұмыстар
Толық