Тарих | Балықты көлінің орналасуы мен тарихы

Балықты көлінің орналасуы мен тарихы
Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық паркі Батыс Тянь - Шаньның солтүстік бөлімінде Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай тау жоталарында орналасқан. Парк Қазақстан Үкіметінің 2006 жылғы, 26 - қаңтарындағы №52 қаулысына сәйкес Балықты көлі аумағындағы орман мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік орын болып табылады. Жалпы ауданы 30 гектар. Көлдің тереңдегі 16 - 17 метр. Балықты көлінің Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы, Жаскешу елді мекенінде орналасқан.
Аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылынан батысқа қарай 20 шақырым, Састөбе темір жол стансиясынан 12 шақырым жерде, Арыс өзенінің оң жақ жағалауында Жібек жолында орналасқан. Балықты көлі ғалымдардың болжамы бойынша Мезозой эрасында пайда болған деген дерек бар.
Біздің ата - бабаларымыз бұл жерді қазақ халқының басына түскен қасіретті оқиға «Ақтабан шұбырынды» кезінде жоңғар шапқыншылығында туған жерді азат етуде көрсеткен ерліктері үшін еншіге алған екен......
Ғылыми жобалар
Толық