Қазақстан халықтар бірлігі күні Достық мерекесі

Тақырыбы: Достық мерекесі
Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, ДVД, теледидар, сурет салу құралдары.
Салалық байланыс: Шығармашылық, таным.
Мотивациялық қозғаушы:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар, қазір көктем мезгілі, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойладық, қане есімізге түсірейікші.
- 8 наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз, наурыз мерекесі.
Жарайсыңдар, сендер жақсы біледі екенсіңдер, естеріңе жақсы сақтап қалыпсыңдар. Осы көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын тағы бір мереке бар екен. Ол мереке 1 мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесі.
Іздену ұйымдастырушы:
- Балалар біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде.
Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық