Тарих | Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы

Міндеттері:
1. Рақымжан Тоқатаев жайындағы ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.
2. Ұлы Отан соғысы кезінде жеңіске қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Рақымжан Тоқатаевтың өшпес ерліктерін жаңғырту.
3. Халқымыздың біртуар азаматы жайында жан – жақты зерттеп, тарихқа беймәлім жақтарын ашу.

Өзектілігі: Рақымжан Тоқатаев – ғасырлар өтсе де, заман өзгерсе де өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде еңбек етуден тынбаған, сол арқылы халыққа қызмет етуден жалықпаған бірден - бір тұлға екендігі жан - жақты дәлелдемелер арқылы ашылды. Оның кейінгі ұрпаққа қалдырған ізгі істері өз күшін жойған жоқ. Сондықтан, Рақымжан атамыздың ісін үлгі ету, сол арқылы адамгершілік рухы жоғары жас ұрпақты тәрбиелеу.

Болжамы: Рақымжан Тоқатаевтың ерліктерін зерттей отырып, оның өз заманында қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келесі таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады......
Ғылыми жобалар
Толық

География | Жезқазған ауданының мысты құмтас кенорындары

1. Жезқазған
Кеңестер Одағының мыс кені мол негізгі аудандардың ең бай және мыс қорының ең көп жері Жезқазған. 1935 жылы қаңтардың 1-дегі есеп бойынша Қоңыратта 2140 мың тонна, Дертяркаде 1510 мың тонна мыс қоры болса, Жезқазғанда сол есеп бойынша 3230 мың тонна мыс бар, оның ішінде зерттелген мыс – 1330 мың тонна.
Жезқазғанның бұл толық зерттелген запасы 980 скважинаның мәліметі бойынша есептелген, бір скважинаға 2400 шаршы метрдей жер тура келеді, орташа есеппен рудалы жерден 85-90 процент шамасы руда шығарады. Бұл мәліметтер Жезқазғанда мыс кенінің басқа жерлердегіден мол екенін көрсетеді. Мыс кені мұндай көп болу үстіне Жезқазған кен зерььеу жөнінен де басқа жерлерден анағұрлым пайдалы. Бірінші бесжылдықтың ішінде Жезқазғанда кен зерттеуге жұмсалған шығын, толық зерттелген мыстың әрбір тоннасына болғаны 4 сом 50 тиыннан ғана келеді.
Жезқазған рудасы таза руданың санына қосылады. Жезқазған рудасында қорғасын, мырыш, алтын, күміс өте аз, мышьяк, висмут және басқа мысқа зиянды қосымшалар жоқтың қасы. Мұның арқасында Жезқазған рудасын оншама көп шығын шығармай және оңай айырып, нағыз жақсы қара мыс алуға болады.
Жезқазған рудасы оншама терең де емес, ең терең жері 150 метрге жетеді, руда жер астында қабат-қабат жатады, мұның арқасында бір шахтадан бірнеше қабат руда шығаруға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жоспарлау және ұйымдастыру жолдары

Жергілікті қаржы – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау,бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.Ол жергілікті бюджеттерді,арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің кірістіреді.
Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірінғай жүйесіне енгізілген 1938 жылдан бастап, жергілікті қаржы дербес катигория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын.
Бүгінде, жұртқа мәлім,қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен ролін арттырып отыр.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде,олар әлеуметтік,экономикалық,экологиялық,демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуін дербестікке ие бола бастады.
Жергілікті қаржының басты буындарының бірі- жергілікті бюджеттер егжей-тегжейлі қаралады,ал басқа буындарды- жергілікті шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылары (корпоративтік қаржылар),сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар жалпы ұлттық шаруашылықтың шаруашылық жүргізуші субьектілері мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорларына тән біркелкі белгілері мен қасиеттері бар функциялық жағынан бір тектес ұғымдар ретінде оқулықтың тиісті тарауларында қаралған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Топырақтану | Мақтаарал ауданының сұр топырақтары жағдайында мақта дақылының өнімділігіне сұйық кешенді тыңайтқыштардың әсері

Сұйық тыңайтқыштар минералдық және органикалық қоректік компоненттердің сулы ерітіндісі немесе суспензиясы. Ең кең тарағаны азотты минералдық және кешенді сұйық тыңайтқыштар. Бірінші топқа сусыз аммиак, аммиакты су ( NH 3 – 25%-к ерітіндісі ), аммиакаттар ( кальций және аммоний нитраттары, аммиакты сусындағы карбамид ерітінділері), көмірқышқылды аммиак ( аммиактың карбонат немесе гидрокарбонат сулы ерітіндісі және карбамид) . Бұл бос NH 3 құрамдас тыңайтқыштарды пайдалану оларды герметикалық, коррозияға тұрақты ыдыстарда тасымалдау мен сақтау қажеттілігіне байланысты қиындық туғызады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштар макро-және микроэлементтердің әртүрлі үйлесіміндегі тыңайтқыштар. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды өндіру қатты тыңайтқыштарға қарағанда 20% арзан, сондай – ақ сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану сәйкес техникалардың болуымен арзан тұрады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштарды дайындаудың бастапқы компоненеттері – фасфор қышқылы, азотты тыңайтқыштар ерітіндісі (мочевина , аммиакты селитра немесе олардың суда жақсы еритін қоспасы) , аммиак, калий тұздары мен микроэлементтер. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды себу алдында, себу кезінде және үстеп қоректендіру арқылы енгізеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Арыс ауданының физика географиялық сипаттама

Арыс ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы – 6,3 мың км2 (облыстың аумағының 5,4 %-ы).
Бұл елді мекен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау мен Сырдария, Арыс өзендерінің өңірін алып жатыр. Мұның оңтүстігі Қазақстан алқабы Қызылқұм кеңістігімен жалғасады да, солтүстік-батысында Қаратау қыраттармен, солтүстік-шығысы Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы 1956 жылдан бастап Арыс қаласы болып аталды.
Ол қазір Оңтүстік Қазақстан облысындағы белгілі Ташкент жолы бойындағы ірі қалалардың бірі. Арыс станциясы Ташкент темір жолы салына бастаған кезден пайда болды. Тарихи деректер бойынша бұл қаланың төңірегінде халық ертеден тығыз орналасқан төрт түлікке бай ел болған. Бүгінде халқы (1970 жылғы санақ бойынша) 30 мыңнан астам, 1999 жылғы санақ бойынша ауданда халық саны 59920, қалада 34450 адам.
Қаланың ескі бөлігі I-Арыс станциясымен іргелес, II-Арыс станциясымен байланысады. Қала көлемі жағынан өте үлкен болмаса да, оның маңызы зор. Арыс станциясы Ресей мен Орта Азия, Қазақстан, Батыс Сібір аймақтарын жалғастырып жатыр. Сондықтан оны Орта Азия мен Қазақстан бағытындағы қақпа, яғни «Тоғыз жолдың торабы» деп те атайды.
Дарияның өн бойы тамаша мал жайылымдарына бай. Арыс ауданының кең алқабын жусан шөбі алып жатыр. Осы өңірдің тұрғындары сонау ертеден егістікке суды тиімділікпен пайдаланған. Арыстың Сырдарияға құяр сағасындағы Отырар алқабында ертеде пайдаланылған егістік көлемі қазіргіден көп болған. Біздің ғасырымыздың орта шенінде егістікті, жүзім алқаптарын, бақшаны Арыс өзенінен шыққан каналдар арқылы да суғарған.
Ел аузында Арыс өңірі ертеде «Қазақ қырған», ал Арыс өзені «Үржі» деп аталыпты деген деректер де бар. Арыс өзені туралы айтсақ, ел белгілі жазушы І.Есенберлиннің «Алтын Орда» атты үш томдық тарихи кітабында Арыс өзенінің бұрын «Үржі» болып аталғанын айтқан ....
Дипломдық жұмыстар
Толық