Қасым Аманжолов (Ақын ажалы)

Мерт болды ақын, бықсық өсек
Ар пендесін кетті жұлып.
Кеудесінде оқ, шөлдетіп кек,
Абзал басын иді сұлық.
Ұсақ ғайбат қорлығына
Төзе алмады ақын жаны,
Озбыр қауым зорлығына
Көнбей, жалғыз шықты тағы. ....
Өлеңдер
Толық

Антон Чехов Чиновниктің ажалы


Кереметтей көңілді кеште білдей мекеменің шаруашылық жағын күйттейтін кереметтей бір қызметкері Иван Дмитриевич Червяков екінші қатардағы креслолардың бірінде "Корневиль қоңырауларын" дүрбімен қарап отыр еді. Көргенінің көңілінен шыққаны сонша, төбесі көкке сәл жетпей тұрғандай болған. Бірақ кенет... Әңгіме біткеннің осы бір "бірақ кенеттен" аяқ алып жүргізбейтін әдеті ғой. Әйтсе де, өмірдің өзі кездейсоқтыққа толы болса, автор байғұстардың жазығы қанша. Кенет Червяковтың беті бүрісіп -тырысып, көзінен жас шығып, демі бітіп, дүрбіден көзін жұлып алып, еңкейе беріп "әтпішу" деп қалғаны. Онысы енді түшкіргені ғой. Кім - кімнің де қайда болмасын түшкіруге қақысы бар шығар. Мұжықтар да, полицмейстерлер де, оқта-текте тіпті құпия кеңесшілердің өздері де түшкіріп қап жатпай ма! Түшкіргенде не тұр, жұрттың бәрі түшкіреді. Червяков те қысылған жоқ, орамалын алып сүртініп, көргенді кісілеріне түшкірем деп емес, біреу-міреудің мазасын алған жоқ па екем деп жан-жағына көз тастап еді, зәресі зәр түбіне кеткені. Сөйтсе, тап алдындағы бірінші қатарда отырған кәрі кісі әлдене деп міңгірлеп биялайымен мойынын, маңдайының қасқасын сүртіп жатыр екен. Ол кісінің қатынас жолдары мекемесінде істейтін статс генерал Бризжалов екенін Червяков бірден таныды.

"Шамасы, түкірігім шашырап кетті-ау,- деп ойлады Червяков. Менің бастығым емес, бірақ бәрібір ыңғайсыз болды ғой. Кешірім сұраған жөн шығар".

Червяков жөткірініп, денесін ілгері ұмсынып, генералдың құлағына:

— Мәртебелі тақсыр, байқаусызда түкірігім шашырап кетті білем, кешірерсіз, — деп сыбырлады.

— Оқасы жоқ, ештеңе етпес........
Әңгімелер
Толық

Айлакер түлкінің ажалы

Түлкі, қасқыр, жолбарыс, түйе төртеуі жолдас болыпты. Тапқандарын бірге жинап, ұдайы бірге жүріпті. Содан кейін қыс кетіп, жаз болады, жыртқыштардың бұрынғыдан да табыстары азайып, қарындары ашады, түйе болса жегені шөп, семіреді. Бір күні түйе жайылып кеткенде, түлкі қасқыр мен жолбарысқа:

— Мына түйені жейік, – дейді.

Жолбарыс:

— Аңғал емес пе, түйе көне ме? – дейді.......
Ертегілер
Толық

Сұрмергеннің ажалы

Бұрынғы заманда атақты бір мерген болыпты. Аты Сұрмерген екен. Сұрмерген аң қарап келе жатса, жолда екі жылан төбелесіп жатады. Жыланның бірі қара да, бірі - ақ. Келіп қараса, қара жыланның түсі суық, өте ызғарлы екен. Мерген қара жыланды өлтіріп, ақ жыланға болысады. Сонан соң ақ жылан мергенге қарап қойып, бір тасты жалап алады. «Маған да жала деп тұр ма?» – деп, мерген де әлгі тасты жалап алады.......
Ертегілер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Арланның ажалы

(этнографиялық әңгіме)

Арлан айналадағы қалың қорыс ішіндегі апанына жете беріп, екі сүрініп кетті. Тіпті соңғысында талай желді жарып өткен, талай қойдың құйрығына, талай жылқының шабына тиген сүйір қара тұмсығы қара жерді сүзіп те қалды. Талай сыннан сүрінбей өткен екі алдыңғы аяқ тырнақтары тұқылданыңқырап, әлі кетіп, былқылдай берді. Апанның аузына жетер-жетпесте тағы тұмсық тірей құлады да, үш-төрт күннен бері ішіне ештеме бармағандықтан, қабысып кеткен бүйірі бүлк-бүлк соғып жатып қалды.

... Арлан көзін жыртитып ашқан сәтте күннің қызуы басылып, ұясына таяп барып қалған екен. Құлай кеткенде сүйретіліп қалған артқы екі аяқтың бірі қозғай бергенде зар қақсап кетті. Танғы оқиға арланның есіне енді түсіп, бойын жинаңқырап алып, өзінен-өзі түңілгендей, тіксінді. Қашанда әлсізге, шаршауға жолдас ұйқы кезіне тығылып бара жатты да, көз алдына таңсәрідегі ақ төбеттің тілерсектен тартып кеткені елестеп, ойы жан-жақты, болған жайды қайта шарлап жөнелді. Ол тарамыстанған екі артқы аяқты жинап, шүйкесінен шоқиып отырды. Сонан соң қан шыққан тілерсекті шайнап жеп қойғысы келіп, ауызды салып қалып еді, қызыл иек жүгіре-жүгіре әбден бекіген қу сираққа өтпеді. Құдайға шүкір деп ойлады, жанымда туғандарымның болмағаны қандай жақсы болды. Әйтпесе тілерсектен аққан қанды көрген соң мені түте-түтемді шығарып, талап жеп қоятын еді. Олар болғанда ендігі әрқайсысының ішінде бір-бір жапырақтан жататын едім. Ол шайнай алмаған оң аяқты енді алақандай қызыл тілімен жалай бастады. .....
Әңгімелер
Толық