Төлепберген Байсақалов Тұрсынұлы (1974 жылы 29 наурыз)

Байсақалов Төлепберген Тұрсынұлы - актер.
1974 жылы 29 наурызда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Михайловка ауылында дүниеге келген.
Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген (Р. А. Машурованың шеберханасы, 2000); БМИК-ті тәмамдаған (В. Хотиненко, шеберханасы 2010). Фильмдегі дебюті - «Ләйланың зары» (Реж. С. Нарымбетов); Канн кинофестивалінде (2008) «Ерекше көзқарас» аталымы бойынша Гран-приді иеленген «Қызғалдақ» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Үйленген. Бір ұлы, бір қызы бар.
Кинодағы рөлдері:
2014 Тығырықтан жол тапқан | Разрывая замкнутый круг (Қазақстан) - Хәкім
2014 Қазақша тонау | Ограбление по-казахски - Сәкен Ахметов
2014 Нархоз (хикая, Қазақстан) - Айсананың әкесі
2013 Көшбасшы жолы | Путь лидера. Огненная река. Железная гора (Казахстан) - Хәкім
2013 Параллель әлемдер | Параллельные миры (Қазақстан, Ресей) - курьер ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық