Б Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Түбі адам болатын бала (5 сынып, III тоқсан )

Сабақ: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Б Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Түбі адам болатын бала
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
А/И3. Көркем шығарманың тілі
А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Б/С4. Әдеби сын
Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу
Сабақтың мақсаты:
Көркем шығармадан эпизодтарды бөліп алуды үйренеді, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды, шығармадан алған әсері бойынша сыни хабарлама жазады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Б Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (5 сынып, III тоқсан )

Сабақ: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.
Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ
5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Сабақтың мақсаты: Әдеби шығарманың сюжеттік дамуын сипаттайды, кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Менің атым Қожа


БІРІНШІ ТАРАУДА

Оқушы шығарманың бас кейіпкерімен, яғни менімен танысады.

Менің атым... Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең, қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қызыл шақа болып жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Өскембайдың баласына Тыңжыртар деп ат қойған секілді, өзге қызу жұрт сол арада ду қостап: «Осы болсын баланың аты, осы болсын, мұнан жақсы атты дүниені шырқ айналсақ та таппаймыз» дескен. Міне, сол күннен, сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің.

Өмірде осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр. Жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-алты жасқа толғанша, оның тәуелді аты болмайды. «Ортаншым», «Кенжем», «Сүйіктім», «Жұпарым» деген секілді шартты атаумен атап жүреді. Ал есі кіріп, бес-алты жасқа толғаннан кейін, бала өзіне қандай есім ұнаса, соны таңдап алады. Міне, әділдік деген. Осы дұрыс емес пе?

.....
Әңгімелер
Толық