Менің атам Отан үшін от кешкен

Мамыражай бейбіт таңның бірі еді. Кенет батыстан от шарпыған қара түтін бұрқ етті. Дүниедегі өмір сүйгіш,тыныштық сүйгіш жүректер солқ етті.Адам да, жан-жануар да,жаңа ғана гүлге орана бастаған дала да күңіренді.Аналар аңырап,азаматтар күрсініп, балалар ұлардай шулап жатты. Әдемінің бәрін түтінге орап,тәтті сезімдерді мұңға айналдырған неміс фашизмі ашқан соғыс еді... Осы қанқұйлы соғысқа біреу жалғыз ұлын,біреу бауырын ,енді біреу сүйікті жарын қимай аттандарды. Отан қорғау-ұлы міндет. Бірақ тыныштықты, әсемдікті аңсаған Әйел-Ана жүрегі соғыс деген сұрапылға ерлерді езіле, егіле аттандырып жатқан-ды.Сол аттанған ердің бірі менің атам-Айтжан Ділешұлы. Айтжан атам 1917 жылы 1 қаңтарда Орда құмында дүниеге келген. Арғы аталарынан сынықшылық қасиет қонған отбасында үш қыз (апалары Нұржамал, Жұмаш және қарындасы Сақила) және жалғыз ұл менің атам- Айтжан тәрбиеленіп өскен. 1938 жылы әскерге шақырылған, атам Прибалтикада әскери қызметін өтеп, 1940 жылы елге оралған соң «Әжен»№88 түйе заводында бригадир болып қызметке тұрады. 1942 жылы соғысқа аттанады. Жапонияға қарсы соғыс ашылғанда Қытай халық Республикасында Манчужурияда және Жапонияны фашистерден азат етуге қатысқан.Сол кезде «Жапонияны азат еткені үшін» деген медаль берілген. 1946 жылы елге оралған......
Шығармалар
Толық

Менің атамекенім – Қазақ елі

Атамекен – қазақтың қара топырағы, менің ата - бабамның асылы,
ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы,ең асылы. Атамекен сөзінде үлкен мән бар. Алдымен көз алдымызға «Қазақ елі» елестейді . Кезінде осы Қазақ жері үшін қаншама ата - бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, қасық қаны тамғанша тер төкті емес пе?! Міне , осы құндылықтарды дәріптеуіміз керек. Оны іске асыратын біз, мына –жастар. Ол үшін қазағымыздың тарихын, рухани мәдениетін,материалдық мәдениетін білуіміз керек.
Алдымен тәуелсіздігімізге көз жүгіртейік.Биыл,міне,қазақ жеріне егемендігіміздің қадам басқанына 23 жыл болып отыр. Осы уақыт аралығында көптеген жетістіктерге жеттік.......
Шығармалар
Толық

Менің атам

Қыдырып бардым атама,

Қалыпты атам ауырып.

Мейірімді аташым,

Айтшы маған аташым,

Тиді саған қайсы дерт,

Қорқытайын сол дертті.

Дәруменді ішкізіп,

Сауыққын сен тезірек.

Мен ішкізсем дәрумен,

Жазылшы сен аташым.
Тақпақтар
Толық

Сарбасова Азиза | Менің атам ардагер ұстаз


Менің үлкен атам Балғымбаев Сарбас Рысжанұлы – соғыс ардагері. Ол Жылыой ауданы Қияқ ауыл кеңесінде 1921 жылы туған. 1939–1941 жылдары сегіз жылдық Қара арна орталық мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған. 1942 жылдың қаңтарында Совет Армиясы қатарына алынып, 1942 жылдың мамыр айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан. 648-ші атқыштар полкі 1-ші батальон пулеметшілер ротасында бөлімше командирі және сержант болған. Бұл полк 200-ші дивизия солтүстік Батыс майданы «Старый Русь» қаласының бағытында соғысқан. Соғыстағы ерлігі үшін «За отвагу» және «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» орденімен наградталған. 1943 жылы ауыр жарақат алып елге оралған.1943 – 1946 жылдары Куйбышев атындағы 7 жылдық мектебінде мұғалім және оқу ісінің меңгерушісі болып жасаған. 1951-1952 жылдары «Бірліктаң» 7 жылдық мектебінде, 1952-1959 жылдары «Қараша» 7 жылдық мектебінде, 1959-1962 жылдары «Орджоникидзе» атындағы 8 жылдық мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған. .....
Әңгімелер
Толық

Менің атам - жауынгер болған...

Менің арғы атам – Мардан атам –жауынгер болған, Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін соғысқа қатысып, елді, жерді жаудан қорғаған батыр болыпты. Кеудесінде ордендер жарқыратып түске суреттерін үйден көріп, талай рет тамсана қарағам. Тек қана картадан көрсететін Германияның Берлин қаласына дейін барған көрінеді. Үйде әлі сақтаулы тұрған – «Қызыл Жұлдыз» және І – дәрежелі......
Шығармалар
Толық

Ата, Менің атам

Менің атам ел жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда талайы келіп арқа тұтқан беделді жан еді,
Шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпаты мен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білу болмысын бойында қатар ұштастырды. Ер жетіп, ес білгелі атамның ұлағатты сөздері мен үшін өмірлік азық болды. Азық болғанда көмейден өтіп, тәнге қуат бермейді, көкейіңе қонып, жүректен орын табады. Жастайымнан жадыма ақыл мен білім нәрін құйған....
Эсселер
Толық

Ата, Менің атам

Менің атам ел жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда талайы келіп арқа тұтқан беделді жан еді,
Шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпаты мен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білу болмысын бойында қатар ұштастырды. Ер жетіп, ес білгелі атамның ұлағатты сөздері мен үшін өмірлік азық болды. Азық болғанда көмейден өтіп, тәнге қуат бермейді, көкейіңе қонып, жүректен орын табады. Жастайымнан жадыма ақыл мен білім нәрін құйған....
Шығармалар
Толық

Менің атам

Мен атамды көрген емеспін. Папам да оның бейнесін көз алдында елестете алмайды.

— Атаң жайсаң жан еді. Соғыс басталғанда жиырма бір жаста.....

Диктанттар
Толық