Жанымды сағынумен күндерім өтуде

2012 жылдың 18-қыркүйегі болатын... Кеш түсіп, дос қыз екеуміз аллеяға жүріп қайтуға бел байладық. біраз жүрдік, енді үйге қайтар жолда алдымыздан бір жігіт өтті... өте қатты қарады, менде не болып қалды дегендей қарадым... Жанымнан өте кетті. Қасымдағы қ ыз екеуміз оның сонша қарағанын әңгіме қылып барамыз... арада 1-2 минуттай өтер өтпестен жанағы бала жүгіріп келіп: МЫ НЕ ЗНАКОМЫ? деді, ал мен оған:НЕТ десем, А МОЖНО дей берді. Жарайды, бізде келістік, сонымен таныстық, есімі Аманбек екен, былайша айтқанда көршіміз болып щықты (соседский домнан). сонымен ол жалғыз емес екенін айтты, қасына досы келді(Дархан), оныменде таныстық. досын бір көріп ұнатып қалғандаймын... Біз үйге қайтатынымызды айттық, телефон номерлерімен алмастық. Сол күн" 1 сағаттан соң досы яғни Дархан звондап шыға аласынба д еді, барібірде үйде айналысатын ештене жоқ, студенттік кез болған соң қарсы емес екенімді айтып, шықтым. Жақыннан таныстық, Семейдің жігіті болып шықты, ал мен Шымкенттің қызымын. бір қызығы екеуміз екі жақтын адамымыз, ал таныстық Қарағанда қаласынын дәл орталығында,ия өмірдің сыйы өте көп екен. Мен Қарағанды қаласына оқуға дайындалып жүргенімнен бастап-ақ анам маған басқа қалаға тұрмысқа шығып кетіп жүрме, өзіміздің Оңтүстікке шық, ертенгі күні өзін қиналып қаласын дейтін.

Біршама уақыт өтті, ал біз күнде-күнде сөйлесетінбіз... бауыр басып қалғандаймын. 23-қыркүйек күні менің туылған күнімді атап өттік, Дарханда өз достарымен келді. Туылған күнімде болған құрбыларыммен таныстырдым, Дархан кеткен соң, құрбыларым Дарханды бір көргеннен ұнағанын. және екеуміз бір-бірімізге сай екенін айтты. Қыркүйектің 24-жұлдызы, Дархан кездесуге шақырды, мен бардым, сол күні ол мені қатты ұнатып қалғанын, оның қызы болғанымды қалайтынын айииы, менле оны қатты ұнатып, аз ғана уақытта бауыр басып қалған болатынмын. Мен қызы болуға келістім. Уақыт өте берді... өте берді........
Махаббат хикаялары
Толық

Бір күнде-бір жақсылық жасайық

Адамды тұрар адам қып,
Ақжүрек пен адалдық.

«Адам болған соң біреуге зорлық-зомбылықтан,әділетсіз арам пиғылдан,зиянды да кесірлі іс-әрекеттерден тиылуға бейім,ұстамды болса ғой. . . » деп Шәкәрім ақын айтқандай, адам баласының әр күні тек жақсылық жасаудан тұрса. Онда бүгінгідей дамыған қоғамның әр азаматы бай да қуатты өмір сүріп, олардың болашақ пен ұрпағына деген сенімі де еш алаңсыздыққа құрылар еді. Адамның ең асыл қасиеті-жақсылық. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі. Бір күнде –бір жақсылық қаншама қайырымды істерге жетелері сөзсіз! Бір күнде бір жақсылық жасалса, адамның адамға деген құрметі артып, жас буын көргенін жасап, қалыптасқан дағдыдан күнделікті жақсылық жасау деген тамаша әдет пайда болар еді. Адам әрбір атқан таңынан бастап,батар күнге дейін жақсылық жасаудан тайынбау керек. Адам жақсылық жасау үшін жанашыр, адал және ақылды жалпы айтқанда,бойында ізгі қасиеттер болу керек. Ақылды болса,адамға рухани жағынанда мол көмек берері сөзсіз.

Қайырымдылық жасасаң артынан екі есе қайырымы болады деген сөздің астарынында да тамаша мән бар. Жақсы адамдардың мол табысқа, әр күні бақытты болуы осы жақсылықтарының да қайырымы бар шығар бәлкім.....
Эсселер
Толық

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс

Біз соғысты көрген жоқпыз... Алайда тарих қойнауына кеткен сол зұламат жылдар жайлы ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып, жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет еткен, Отан алдындағы борышын адал өткерген майдангерлеріміздің, тыл ардагерлерінің естеліктерінен қанықпыз.

Анасы бауыр еті баласынан, отбасы тірегі мен сүйеніші болған азаматынан айрылған, жас аруды жесір, жас баланы жетім етіп, даланы қанға бөктірген соғыс - Фашистік Германияның, оның басында тұрған Гитлершілердің қанқұйлы әрекетінің жемісі екеніне тарихтан қанықпыз. Жер жаһанды жалмап, "тұлымдыны құл етсем, бұрымдыны күң етсем" деген дұшпанның басты мақсаты орындалмады. Елі үшін аянып қалуды ерлігіне сын, жұрты үшін аянуды жігіттігіне сын деп ұғынар ерлер барда қай дұшпанның болмасын пиғылы орындалмақ та емес еді.

Тумысынан ерлік білекте емес, жүректе екенін ұғынып өскен қазағымның ұл-қыздары да Отан қорғау жолында жан алып, жан берісті. Ықылым заманнан бері ата-бабасының үкілі найзасының ұшымен, жүректен шыққан ерлік ісімен аман сақтап келген туған жерін жау табанына таптатуға олардың намысы жібермеді.Тағдырдың өзі Ұлы Отан соғысының қаһармандарын біздің елімізде туғызып,олардың атағын өзімізде ғана емес, өзге елдерге де шығарғаны - ерлік қазақтың қанына сіңген асыл қасиет екенінің тағы бір дәлелі.Ерлік пен елдікті жырлаған батырлық дастандарды естіп өскен аға буын қазақтың қасиетті ұғымы намысты ту етіп, жауға қарсы тайсалмай ұрыс салды......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздікке қол жеткізген жарқын күндер

Тәуелсіздік! Біз тәуелсіздікке аталардың қаны, бабалардың арманы, ұрпақтардың сан ғасырлық күресінің арқасында жеттік. Қазақ қазақ болғалы қаншама жаугершілік пен қиыншылықты, қаншама қасірет пен қанды қырғынды, қаншама қара зұлмат пен тоқырауды басынан өткізді. Халақымыздың тарихына үңіліп, өткеннің естелігін таразыласақ менің халқымның көргенін, басынан кешіргенін ешбір халық көрмеген екен.
Жоңғардың шапқыншылығынан құтыламын деп Ресейдің қоластына паналағанда басқаға тәуелді боламын деп ойламаған еді. Қытай мен жоңғардан құтыламын деп Ресейдің отына түсерін аңғал халқым сезбей де қалды емес пе? Талай шұрайлы жері мен құнарлы өлкесін өзгеге беріп өзегі өртенсе де, сенімін жоғалтпады. Еркіндік үміті кешегі өткен Сырым, Махамбает, Кенесары сынды батырлардың көтерілісі кезінде жандана түсті. Бірақ бұл үкілеген үміт ұшқыны ер рухты батырлардың ажалы мен қазақтың қайғысын басынан кешіргенде жалыны өшкен оттай төмендеген кезеңдерді де өткізді.
Кеңес үкіметі орнаған жылдары қолына қалам алып күрескен қазақтың зиялылары Сәкен, Ілияс, Ахмет, Мағжан ағаларымыздың арманы да елімнің еркіндігі мен халқымның тәуелсіздігі үшін болған күрес емес пе еді?! Ұлтым деп еңіреген Алаш арыстары да, қазақтың азаттық, бостандығын жырлаған, кеңес үкіметінен көп нәрсені күткен ағалардың үміті де ақталмай кетті. Олар екі жолды таңдаса да, екі майданда күрессе де ,армандары бір, үміттері жалғыз-қазақтың еркіндігі еді.
Қазақ халқының кеудесіндегі оттың жалыны төмендегенмен, жүрегіндегі сенім ұшқыны өшпеген еді. Талай дауылды топандар мен қаралы қырғындардан аман қалған халықымның еркіндікке деген сенімі жоғалмады. Еңсесін көтеретін күнді асыға күтті, күресін тоқтатпады, сергелдеңге түссе де сенімін жоғалтпай, желтоқсанның ызғарында жас қыршын жауқазындарын үсікке шалдырып, аңырап қалған кезеңді көрді.
Міне, талай батырдың күресімен, талай ақынның жырларында жырланып, талай қазақтың қанымен жеткен Тәуелсіздікке 25 жыл болып отыр. Осы 25 жылдың ішінде еліміз жылдар бойы жетпеген жетістіктерге, шықпаған белестерге шықты. Еленбеген ерліктері ескеріліп, айтылмаған ойлар айтылды. ....
Шығармалар
Толық

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс

71 жыл! Бұл бір адамның тұтас өмірі. Қарт кісінің ғұмыр жасы. Соғыстың біткеніне, Жеңіс таңы атқанына, жұртшылықтың бейбіт өмірдің дәнін егіп, дәмін татқанына тура 71 жыл. Ел басына күн туды. Ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішті. Бейбіт күннің бұқарасы белін буып сапқа тұрды. Он сегізге енді толған өрімдей жас пен елуге жеткен егде еркек қолына қару алып, Отанды қорғау үшін майданға аттанды. Бой түзеп, қыз дәуірін қызықтайтын бойжеткендер беліне қару асынып, ер- азамат басын тіге бермейтін батырлық көрсеткені қаншама? Шығыстың қос шынары - Әлия мен Мәншүк қазақтың қыран қызы Хиуаз Доспановалар ерлігі елге белгілі. Соғыс сан милион адамның өмірін қиды. Жас балаларды жетім, әйелдерді жесір атандырды . Адам қолымен тұрғызылған әсем қалаларды тау-тау үйіндіге айналдырды. Ел ішінде аштық орнап, сан мыңдаған жауынгер тұтқынға түсті. Адам баласының басына келмеген зұлымдықтардың, азат пен айуандықтың неше түрін көрсетті. Адамдардың тағдыры аяқ астына тапталды. Шаңырақтар құлады. Тұтас ауыл күлге айналып, бүтін қалалардың қабырғасы күйреді. Бұғанасы бекімеген бала ересек атанды. Бесік тербетіп бала жұбатып отыратын ана қолына кетпен, күрек ұстап, егін егіп, дән суырды, құрық алып мал бақты. Арық қазды, шөп шапты. Жұмыстан қолдары қалт еткенде майдандағы жауынгерлерге жылы киім тігіп, шұлық тоқып, байпақ басты. Жасөспірім балалардың өзі сабақ арасында солдаттың бір күндік тамағын табуға қарекет жасап, балық аулады, шаруаға араласты. Тылдағылар «Бәрі де майдан үшін» деген ұранмен ұйқысыз түндерді, күлкісіз күндерді бастан өткізді. Майдандағы қызыл армия қатарына 1200000-ға жуық қазақстандық аттанды........
Шығармалар
Толық

Ең ауыр күндер

Біздің жүрегіміз темір емес. Міне, соғыстың біткеніне 71 жыл болды. Ата-баба қалдырған өнеге-үлгіні құрмет тұтып, оны қастерлеп жалғастыру жас ұрпаққа аманат. Әрбір адам елі үшін талмай қызмет етіп, халқының көркейіп өсуіне еңбек сіңіргенде ғана артына өшпестей із қалдырып, ұрпаққа ұлағатты өмір үлгісін тарту ете алады. Біздің атабабаларымыз болмаса, біз қазір тірі боламыз ба, болмаймыз ба енді бұл бір Құдайға аян. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп , күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-отанға сүйіспеншілік. Ардагерлеріміз мылтықтың оғын босқа ұшырмай, өлім мен өмір алысты. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізде мақтаныш сезімін ұялатады. «Ерсіз ел болмайды, елсіз ер болмайды»,- дейді батыр бабамыз – Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзінің қайсар ерлігімен, қайратты мінезімен жауынгерлерге жігер берген бабаларға мың алғыс. .......
Шығармалар
Толық

Қаһарлы күндер жаңғырығы

Ер елім, көрсет тағы еңбек күшін,
Еңбекпен қас дұшпанның өрте ішін.
Түр білек, түс еңбекке ту астында,
Бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін
Н. Байғанин «Жеңіс үшін» өлеңінен
Мәңгілік өшпес отты жылдар. Бұл адамзат тарихында өткен күндер белгісі. Еліміздің осы бір өткен тарихына үңілсек, осыдан 75 жыл бұрын 1941 жылы неміс фашистері елімізге тұтқиылдан шабуыл жасаған. Сталинград, Москва, Ленинград қалаларында, Днепр өткелінде болған ұрыстарда жауынгерлер ерен ерліктер көрсетті. Елбасына төнген бұл зұлмат соғыс жиырма миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. Қаншама қала, өндіріс орындары, ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылып, 23 сағаттың жұмыс күні бекітілді. Демалыс күндері мүлде болмады. Бірақ ешкім де қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. Осындай ұрыс даласында, тылдағы еңбек майданында бәріне бірліктің арқасында еліміз жеңістерге қол жеткізеді.
Осы бір отты жылдарда шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүк еді. Сол кездерде нәзік жанды әйелдер кез келген батырдың өзін қайыстыратын жүк көтерді. Олар өздеріне ешқандай жеңілдікті талас етпестен, қашан да жауынгерлермен бір сапта тұрды. Тіптен дәл осы қыздардың бар болуы жауынгерлерді рухтандырып, оларға күш-қуат берді.
Ерліктің қос қанаты деп білемін ......
Шығармалар
Толық

Сарғайса да тарихтың әр парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады

Уақытпен жарысқан заманда күн жылжыған сайын, тарихта қалар таңбалы оқиғалар орын алып жатыр елімде. Әрине, азаттықтың көк туын желбіреткен Алаш елінде тек ғаламат оқиғалардың орын алуы қуантарлық жайт. Бұл – біздің түп-тамырымыз ата-бабаларымыздың арқасы.
Ал, тарихтың бетін кейін қарай парақтап, 1941 жылға тоқталсақ... 1941 жыл, 22-маусым. Бар қазаққа белгілі қасіретті оқиға болған бұл жылы. Естігенде құлаққа түрпідей тиетін, жүрекке үрей, көңілге кірбің, жанарға мұң ұялататын «соғысты» алып келген жыл еді. Бала атаулыны «әкелетіп», ана атаулыны «ұлым», «жалғызым», «жарым» деп зарлатқан жыл болды. .
..Күңіренген дала...Қоштасу...Жылау...Қимау...Сағыну...Күту...Үмітін үзбеу... Осы бір қасіреттің барлығын әрбір қазақ баласы дәмін татқан еді. Жүректі жаралаған, көңілге күдік пен сағынышты қатар алып келген сұм соғыс әр шаңыраққа өз қатігездігін танытты. Алаңсыз тірлікте қым-қуыт тіршіліктің тып-тыныш күйін кешіп жатқан халық тағдырдың тепкісіне ұшырап, ауыртпалық қамытын киді. Әлемді дүр сілкіндірген соғысты көріп сабылған халық қайда барып қорғанарын білмеді.
Бұл соғыс бар қазақстандықтың басына қасірет әкелді. Жанары жәудіреп, біреуден аяушылық күткендей жанашыры әкесін қимай-қимай алысқа аттандырған қаршадай қазақ баласының басына қасірет алып келді. Қамқоршы һәм ақылшысы, отбасының ұйытқысы болып отырған отағасынан айырылған аяулылардың басына қайғы әкелді. Әкеден қалған жалғыз тұяқ ұлынан айырылған ана жүрегіне өшпес жара салды сұм соғыс. Талай ұл-қыз осы соғыстан соң жетімдіктің салмағын арқалады.
Жүрегін үрей мен үміт тұншықтырып тұрса да, елін қорғау үшін, болашақтың жарқын болуы үшін бір мақсатты арқалап майданға аттанған елімнің қайсар ұл-қыздары-ай... Олар енді оралмасын, туған жерге қайтып табан тіремесін сезсе де елі үшін алға қадам басты.......
Шығармалар
Толық

«Айт құтты болсын! Айт күндері» Бейімбет Майлин (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: «Айт құтты болсын! Айт күндері» Бейімбет Майлин
Оқу мақсаты: 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді.
Көптеген оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтіннен қажет ақпараттарды табады және мәтін мазмұнына қатысты ой қорытып айтады; сұрақтар құрастырады және жауап береді.
Кейбір оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтіндегі көркем сөздерді қолданып өз ойын айтады. ......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық