Экономика | Кассирдің касса есебін дайындау тәртібі және құжаттарды рәсімдеу.

Халықаралық қаржылық есеп стандартының №7 “Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп” бойынша ақша қаражаты деп кәсіпорынның кассадағы және ағымдағы шотындағы ақшаны айтады.
Қолма – қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса – бұл қолма – қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй жай. Касса операцияларының есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «Қазақстан Республикасының халық шаруашылығында касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды жауапты адам болып табылады да, ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.
Курстық жұмыстың алға қойған мақсаты шаруашылық жүргізуші кәсіпорындардағы кассалық операциялардың орындалу тәртібі мен есебі, сонымен бірге құжаттардың дұрыс рәсімделуін ашып көрсету. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қаралды:
- касса құжаттарын дайындауда 1СБухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктерін нақты мысалдармен жеткізу.
- кассалық операциялардың маңызы мен міндеттерін қарастыру;
- бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері айту;
- құжаттардың маңызы және оларды тіркеу принциптерін көрсету;
- касса операциялары есебін талдау;
Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, 3 бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады
Кіріспеде курстың жұмыстың өзектілігі, мақсаты, алға қойған міндеттері қарастырылады. Бірінші бөлімде кәсіпорындар мен ұйымдардың кассалық операцияларының теориялық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімде касса операциялары бойынша есеп айырысу және құжаттарды рәсімдеу жолдары көрсетілген. Үшінші бөлімде касса құжаттарын дайындауда 1С:Бухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктерін нақты мысалдармен айтылған.
Қолма – қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойған Кіріс Ордері №1- нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі.
Қолма – қол ақшаларды кассадан беру Кіріс Ордері №2- нысанындағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордері мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде рәсімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма – қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс кассалық ордерге бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болу керек.
Ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир Кіріс Ордері №4 нысанындағы касса кітабына жазады.
Егер кәсіпорында аздаған касса операциялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш – бес күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден қабылданған есептеме деректерін бухгалтерия қызметкерлері тексереді.
Қазіргі таңда әр бір кәсіпорынның бухгалтериясының кассасы «1С Бухгалтерия» деп аталатын өнімдік бағдарламада тіркеледі. Барлық толтырылған құжаттар сонымен бірге сол құжаттар негізінде кассаға кірістелген немесе кассадан төленген ақша қаражаттары кассалық кітапқа тіркеледі.
«1С Бухгалтерия» бағдарламасында «Кассалық кітапті» ашу үшін келесідей операция орындалады: Меню → Банк и Касса → Кассовая книга. ....
Курстық жұмыстар
Толық