Жаңа жыл мерекесінің шығу тарихы

Ғалымдардың айтуынша, Жаңа жылды тойлау шамамен біздің дәуірімізге дейін 3000 жылы алғаш рет Месопотамияда басталған. Көне замандағы адамдар Мадрук құдай зұлымдық пен өлімді жеңді деп санаған. Сол себепті Месопотамия халқы жақсылықтың жамандықты жойғанына қуанып, бірнеше ай бойы тойлайды. Әртүрлі карнавалдар, маскарадтар мен шерулер өткізеді. Мейрам кезінде жұмыс істеуге, жазалауға және сот шешімін шығаруға тыйым салынған.

Уақыт өте келе бұл дәстүрді мысырлықтар мен гректер жалғастырып, содан соң римдіктер мен өзге халықтарға тарай бастайды. Ежелгі Грекияда Жаңа жыл жазғы күн тоқырауы – 22 маусымда тойланып, шарап құдайы – Диониске арналған. Гректердің жыл санауы Олимпиада ойындарынан басталды.

Жаңа Жыл мерекесі әр елде әртүрлі тойланғанымен, оны барлығы бірдей асыға күтеді. Тіпті, желтоқсан айының алғашқы күндерінен бастап ауылда не қалада болсын қысқы мерейдің ажары байқала бастайды. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы алғашқы жаңа жылды біздің заманымыздан бұрынғы үшінші мыңжылдықта атап өткен. Жаңа жылды тойлау межесі Тигр мен Евфрат өзендеріне су толып, егін шаруашылығының басталған кезіне тура келеді. Уақыт өте келе, мереке Бабыл тұтқындары арқылы гректерге, ал гректерден Еуропаға тарай бастаған. Рим императоры Юлий Цезарь жаңа күнтізбе енгізген кезде, Жаңа Жылдың алғашқы күні 1 қаңтар болып есептелінген. Римдіктер Жаңа Жылды сәтті өткізу үшін бірінші күнді қуанышқа толы етіп қарсы алатын болған. ....
Шығармалар
Толық

Жаңа жыл

Жаңа жыл,жаңа бағыт,жаңа күн,
Жаңа жылда кезігеді әсем үн.
Жаңа жылда дидарланып күн шықса
Жаңа жылды тойлауменен болар түн!

-дегендей жаңа жыл мерекесі барлығына өзгеріс орнатады.Жаңа жыл әркімнің үйіне бақыт,бақ-береке,ырыс әкеледі.Жаңа жыл тойланар күнге дейін әрбір шаңырақта асыға күткен жаңа жылдарына қамдану басталады.Әркім өздігінше үйін сәндеп,әр түрлі заттармен безендіріп,жаңа жылдық киімдер алып,үйге немесе сырт жаққа(ауланың ішіне) шырша қойып оған ойыншықтарын тағып, түрлі түсті шамдармен әсемдеп ауланы,үйді мұнтаздай етіп тазалап,жаңа жылды қарсы алады.Жаңа жыл тойланып атап өту үшін үйге азық-түлік алып,жаңа жыл жағдайын алдын-ала жасап алады.Бәрі мәз-мейрам боп,бір-бірімен ренжісіп қалған адамдар татуласып,жаңа жыл сондай керемет барлығына қуаныш әкеледі.Аяз ата мен Ақша қар жаңа жылдың ең басты кейіпкерлері:Аяз ата сыйлыққа толы дорбасын арқалап,Ақша қарды жанына ертіп алып,үйді-үйді аралайды.Ал,бұл жаңа жылды жыл сайын көріп,сол жайлы біліп жүріп өзіне өте қатты әсер алған балалар Аяз атаға хат жазып,арманын айтып,жарқын-жарқын сөздерін қосып,лебіз тілектерін білдіреді.......
Эсселер
Толық

Жаңа жыл – отбасылық мереке (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер.
Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл – отбасылық мереке
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу.
ӘТН5. Пунктуациялық норма. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
Барлық оқушылар:
Мәтін мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды.
Көптеген оқушылар:
Мәтінге компрессия жасай алады, төл сөзде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
Кейбір оқушылар:
Мәтінді компрессиялауда өзіндік стильді қолданады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жамбыл Жабаев (Жаңа жыл сәлемі)

Жастар маған гүл тартып,
Мен жастарға жыр тартып,
Жаңа жылды тойлағам.
Жан қызыққа құмартып,
Өмірімді ұзартып
Ортасында ойнағам.
Жасаулы жас қарағай —
Жас өспірім баладай
Қарасам, көз тоймаған.....
Өлеңдер
Толық

Жаңа жыл (Балабақша | Ақшақардың кебісі)

Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жаңа жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
(Сиқыршы шығады)
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін?
Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Құттықтау - Тілек: Жаңа жыл

Жаңа жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын!
Ұлы жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты....
Құттықтау, тілектер
Толық

Жаңа жылда жасыл шырша жанында

Тәрбие сағат тақырыбы: «Жаңа жылда жасыл шырша жанында»

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті жиналған қауым, ата - аналар мен ұстаздар! Баршаңызға жаңа 2013 жыл жылан жылы құтты болсын. Отбастарыңызға бар жақсылықты тілей келе, бүгін міне, шырша жанына жиналып қалған екенбіз. Бүгінгі мерекелеріңізбен сіздерді құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз. Жаңа жылымыз сіздерге мол қуаныш әкеле берсін, осылай кішкентай бүлдіршіндеріміздің қызықтарына тоймай, келе беріңіздер. Бүгін балалар сіздерге арнап шағын өлең, би ән жырларын дайындады, аяз атаға да арнап.....
Тәрбие сағаттар
Толық