Тарауих намазы қалай оқылады? Тарауихте оқылатын дұға және тәсбихтер, Тарауих намазының тасбихы [видео]

Тарауих намазы еркектерге де әйелдерге де сүннет болған намаз. Тарауих намазы Рамазан айының әр кешiнде оқылады. Жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Оқылатын уақыты құптанның соңғы сүннетімен уiтiр намазының арасы. Мәселен тарауих намазының бiр бөлiгiне үлгерген адам имаммен бiрге уiтiр намазын оқып болған соң тарауих намазының қалған бөлiгiн оқып толықтырады. Уақытында оқылмай қалған тарауих намазының қазасы оқылмайды. Қаза етiлiп оқылса.....

Кеңестер
Толық

Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)

Биыл карантинге байланысты мешіттерде Ораза айт намазы жамағатпен оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

Жұрт, қауым, халық, әлеумет, жамағат, халайық, ел

Жігіттің жақсылығын
Жұрты білер.

Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.

Көшермен болса жұрт жаман,
Кетермен болса қыз жаман.

Күйінбеген жұрт күйдірген кезінде,
Құтқарады өзгені де, өзін де.

Ауыл болсаң - қауым бол.

Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас,
Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.

Ауыл болсаң, қауым бол,
Көрші болсаң, тату бол.
Мақал-мәтелдер
Толық

Тікелей эфир арқылы жұма намазын оқуға бола ма?

Соңғы уақыттарда жаман індеттің тез таралуына байланысты мешіттерімізде жұма, жамағат намаздары тоқтатылды. Мұндай шешімді Қазақстан ғана емес, Түркия, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Кувейт, Мысыр сынды әлемнің көптеген мұсылман мемлекеттері қабылдады.
Кеңестер
Толық