Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Рим ғасырлар тоғысында Мектеп:
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.2.4.1 Ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау
5.2.2.3 Ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру
5.2.4.2 Ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Ежелгі дүние мәдениетінің жетістіктерін анықтау......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим дәуірлер тоғысында
Сабақ тақырыбы: Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.4.1 ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау
5.2.2.3 Ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру
5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Ежелгі дүние мәдениетінің жетістіктерін анықтау......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Ғалымдар жердің жасы 4,5—7 млрд жыл деп есептейді. Жер тарихы мынадай 5 заманға бөлінеді: архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой. Өте ертедегі түзілғен жер қыртыстарынан табылған қазба қалдықтарға сүйене отырып, органикалық дүниенің даму тарихын анықтап білуге болады. Жер бетіндегі тіршіліктің даму әрекеті геохронологиялық кестеде көрсетілген.
Архей заманы — жер қыртысының тарихындағы көне заман, Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ағзалардың — бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары табылған. Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай, құрлыққа шыққандығы көрінеді. Өйткені құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып, соның нәтижесінде топырақ түзілген. Атмосферадағы метанның, амиактың, судың мөлшері азайып, көміртегі (VI) оксиді мен оттегінің мөлшері артқан. Архей заманында жер бетіндегі тіршіліктің одан әрі қарқынды дамуына жол ашқан аса маңызды үш ароморфоз атап көрсетіледі.
Олар;
1. Ағзалардың жынысты көбеюге қабілеттілігі пайда болды, гендердің алмасуы, комбинативтік өзгергіштіктің жүруі, табиғи сұрыпталу әрекетінің мүмкіндігі күшейе түсті.
2. Фотосинтездің пайда болуы қоректену және зат алмасу әдістері бойынша барлық тірі ағзаларды екіге: автотрофтылар (жасыл өсімдіктер) және гетеротрофтыларға (жануарлар) бөлуге бастама берді.
3. Көп жасушалықтың түзілуіне байланысты ағзалардың құрылысы күрделенді, ортаның жана жағдайларын игере отырып, оған бейімделушіліктер қалыптасты.....
Рефераттар
Толық

География | Әлемдік мұхиттың экожүйесіндегі физикалық дүниенің таралуы

Жер шарының шамамен 3/4 бөлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты - әлемдік мұхит алып жатыр. Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су мен атмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхит дейміз. Мұхиттар теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөлінеді.
Дүние жүзілік мұхиттың құрлықпен салыстырғандағы ауданы
Мұхит - 70,80%
Құрлық – 29,2 %
Дүниежүзілік мұхиттың ауданы
Тынық мұхит – 49,8%
Үнді мұхит – 20,8%
Атлант мұхит – 25,8%
Солтүстік мұзды мұхит – 3,6%

Дүние жүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер табылуда. Мұхит суында қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Сондықтан мұхит суының барлық бөліктерінде де тіршілік дамыған. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариан шұңғымасында да, жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтар да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетіне тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, бір жасушалы өсімдіктер мен ұзындығы 200 м дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы 160 тоннаға жететін алып киттер тіршілік етеді.
Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығу арқылы атмосфера құрамын өзгертеді. Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеюі теңіздегі тіршілік дүниесінің бірітіндеп құрлыққа шығып, тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Сондықтан мұхитты Жер шарындағы «тіршілік бесігі» деп атайды.
Мұхиттағы тіршілік аймақтарына судың беткі қабаты мен оны құрайтын су массасы және мұхит түбі жатады. Мұхит тіршіліктің таралу географиялық ендікке байланысты. Температурасы төмен және поляр түні ұзаққа созылатын полярлық өңір сулары тіршілік дүниесіне кедей болады. Жазда екі жарты шардағы қоңыржай белдеудің суындағы тірі ағзалар жақсы өсіп, жетіледі. Бұл ағыстар мен күшті желдер әсерінен әр түрлі су массаларының араласуынан мұхит суларында қоректік заттар мен оттегі мөлшерінің артуы себеп болады. Сондықтан қоңыржай ендіктер алабы (40º-60º) дүние жүзілік мұхиттың балыққа ең бай аудандары болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Ботаника | Ақуыз органикалық дүниенің материалдық негізі

Ақуыз молекуласының ашылу тарихы. Я. Беккори 1736 жылы тұңғыш рет бидай ұнынан желімтіктелген ақуыз алды. Бірақ ақуыздың құрамы тек жүз жылдан кейін ғана басқа ғалымдардың тәжірибелері негізінде анықталды. Оны анықтау үшін жасалған алғашқы қадам ақуызды ыдырату болды. Егер ақуызды күшті қышқылмен (тұз қышқылымен) араластыра отырып қыздырса, ол өте кішкене бөлшектерге ыдырайды. Бұл бөлшектерді мұқият зерттегенде олардың құрамында карбоксил (СООН) тобының қышқылдық және амин (МНг) тобының негіздік қасиет көрсететіндігі дәлелдеңді. Кейіннен осы топтарды аминқышқылдары деп атады. Ақуыз молекуласының құрамына кіретін аминқышқылдарының саны - 20, олар молекуласының құрылымы жөнінен әр текті болып келеді.
Мәселен, 1806 жылы Р. Воклен мен К. Робике ақуыздын ыдырауынан пайда болған аминқышқылын аспарагус өсімдігінің сөлінен бөліп алып, оған аспарагин деген ат берді.
1820 жылы француз ғалымы А. Браконно ақуызды ыдырату арқылы аминқышқылы - глицинді алды, осыдан кейін аминқышқылдарын жүйелі түрде зерттеу басталды. Ең соңғы жиырмасыншы аминқышқылы - треонин 1935 жылы фибрин ақуызының құрамынан алынған болатын. Сөйтіп, ақуыз құрамына кіретін 20 түрлі аминқышкылын ашуға 130 жыл уақыт кетті.
Ақуыздық құрылысы. Биополимерлердің ішіндегі мөлшері мең маңызы жөнінен ерекше орын алатыны ақуыз молекуласы. Ақуыз макромолекулаға жатады.
Ақуыз молекуласы органикалық заттардың ішіндегі алыбы екенін мына сандардан көруге болады. Мысалы, органикалық зат этил спиртінің молекулалық массасы - 60, ал жұмыртқа ақуызы - альбуминдікі - 36000, гемоглобиндікі (қанның қызыл түйіршіктері) - 152000. Ақуыз молекуласының алып болуы занды да, себебі оны құруға мыңдаған атомдардан тұратын мономерлер қатысады. Ақуыз полимері мономерлерінің рөлін аминқышқылдары атқарады.
Ақуыз химиялық құрамы жөнінен гетерополимерлерге (грекше. "hetezos"-әр түрлі) жатады.
Табиғатта 200-ден астам аминқышқылдарының түрлері бар. Ақуыз молекуласының құрамына кірмейтіндері зат алмасудың нәтижесінде реакция аралық қосылыстар түрінде пайда болып, кейбір ерекше бактериялар үшін қоректік зат ретінде жұмсалады.
Ақуыз молекуласының құрамына кіретін аминқышқылдарының ерекшелігі неде? Басқа аминқышқылдары неліктен ақуыз молекуласының құрамына кірмейді деген заңды сұрақ еріксіз туады. Бұл сұрақтардың жауабы мынадай мағлұматтар негізінде түсіндіріледі. ....
Рефераттар
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Дүниенің байлығы

(этнографиялық әңгіме)

Сарай іші қатты абыржулы. Қызметшілердің бәрі тілаузын қойып қалғандай үндеспейді. Бір жағы шағылмен жалғасатын хан ордасының төңірегі көтерілген желден шаңытып тұр. Ұстарамен тақырлап алғызған адам басындай тып-тықыр жерді құйын әлсін-әлі сыпырып өтеді. Ұстара демекші Әз-Жәнібек хан да басын ұстарамен қырғызып қойғалы екі күн болған. Өзі де қанын ішіне тартқан қара сұр адам шашын алғызған соң ұсқыны кетіп, сұр жыландай ысқырып отыр. Бүгін жай, күн сәске болып қалғанда тұрған соң одан сарайдағылар әлдеқалай көңілділік күтіп еді. Жоқ, болмады. Қаны қашып, бетінің әжімі айдалған жерде өтпес соқа қалдырған атжалдай жырым-жырым болып кетіпті. Кешегі ашуы бүгін де басылмаған сықылды. Бүгін де келе салысымен, ордадағы орнына отырмай жатып Жиренше шешенді іздеді.

Жиреншенің осындайда табыла кеткенін әркім-ақ қалағандай еді. Өйткені шешендігімен болса да, көсемдігімен болса да ханды әңгімесіне еліттіріп, бәрін ұмыттырып, тұтасып жауғалы келе жатқан бұлтты көтеріп айдап кеткен желдей хан басындағы жаман ойды сәл ғана сейілтіп жіберуші еді. Ондайда ұсқыны кетіп, дүниенің бәрінен күсіп отырған хан сабасына түсіп жарқылдап, жадырап сала беретін. Ордада қызмет ететін, сұлулықтың құдайындай Керім деген сұрша жігіт бірде тіпті ойын естіртіп айтып қалған да болатын.

— Құдай бәрімізді де алып, дүниеде тек Жиренше секілді адамдар ғана қалса қандай жақсы болар еді. .....
Әңгімелер
Толық

Дүниеқорлық

Дүниеқор - дүниенің құлы.

Абзал арын ойлайды,
Надан дүниеге тоймайды.

Өзі тоймастың көзі тоймас.

Өзі тоймағанның сарқытын ішпе.

Ішіп тоймаған жалап тоймас.
Мақал-мәтелдер
Толық