Аштық, ашаршылық

Ашта тойғаныңды тоқта ұмытпа.

Атақты ұры аштан өледі.

Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.

Қарны ашқанға ас салғызба,
Суыққа тонғанға от жаққызба.

Жас жардың тозағынан да,
Аш қарын азабы жаман.

Тоқтық нанды кемітеді,
Аштық ішекті шірітеді.

Ашта жеген құйқаны –
Тоқта ұмытпа.
Тоқта жеген құйқаны –
Тіпті ұмытпа.
Мақал-мәтелдер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Ашаршылық

Мамырдың сол бір күні ызғырықты

Рухы асқақ – аңсаған ізгілікті.

Ағылды қала жұрты,

Дала жұрты

Қара Ертіс жағасына қыз қылықты.

Қара Ертіс Керекуді өрлей аққан,

Сан ұрпақ, бал суының дәмін татқан.

Жаралған болар бірге Жер - анамен,

Бастауын алып сонау әлімсақтан.

Ол куә кешегіге, бүгінгіге,

Ғасырға ел есінен шыққан мүлде.

Шат басып шадыман шаттық кешті ме әлде,

Күйзеліп, күңіреніп, түңілді ме.

Ол жағын жаратушы тәңір білер,

Бір жылап ұланымен бірге күлер.

Табиғат - анамыздың төл мінезі,

Десек біз келісіммен өмір сүрер.

Қара Ертіс – табиғаттың бір парасы,

Көп болар жүрегінде жан жарасы.

Осы ойдың жетегінде тұрған шақта

Деді біреу: « Жігітім, бері қарашы».

-Аштық, - дейді, - бұл өзі болған жай ма?

Болса да оны айтқаннан қандай пайда?

Ескерткіш ашылады... Ал сонан соң

Құрбандар... Келесі күн ұмытылмай ма?

Жіберді азалы әуен сөзді бөліп,

Алаңды қалың халық тұрған керіп.

Ақ жамылғы сырғыған сәтте сенсең,

Тұрғандай боп көрінді күңіреніп.

Күңіренер жөні бар күйзелетін,

Сандаған жыл сақтықпен бүркеп бетін.

Кеңес құлап кеткен соң құрдымға,

Тәуелсіздік шындықтың тырнап бетін.

Ашты ақыры тың бетін, ақиқатын,

Ашты ақыры «аштықты» атап атын.

Мәңгүрт сана сілкінсін көз ашылып,

Ел жоқтасын жоғалтқан асыл затын.

Ал ескерткіш солардан қалған белгі,

Шұбап шығып артына тастап елді,

Өмір үшін күресті арманда өлді.

Аштық, азап жесе де қанша жанын

Ойлады олар ұрпағын, арттағы елді.



Жолда

Тігулі үй артта қап ата мекен,

Ақ бәйбіше буынған белін бекем.

Дұға қылып аруақ атаулыға:

– Оралармыз күні ертең аман – есен,

– Деп ойлады, бас аман, болсақ есен.

Бұл кешегі Ерденнің жесірі еді,

Ерден болса сол елдің есіл ері.

Бетке ұстары байы еді, мырзасы еді.

Күні-түні қонақтан босап төрі

Көрмеген деп арттағы ел аңыз қылған, .....
Әңгімелер
Толық

Жоқшылық, кедейлік

Кедейді тер қысса,
Керегесін арқалап тауға шығады.

Жеті кедей жиналғанмен,
Ортасынан бір бай шықпас.

Лашығы жоқ орданы аңсайды,
Желері жоқ жорғаны аңсайды.

Байдың қорасынан,
Жарлының жалғызы жоғалады.
Мақал-мәтелдер
Толық