Асыл әжем ақ әжем ақ жаулықты дана әжем

Мақсаты: Балабақша мен ата - аналар арасында тығыз қарым - қатынас орнату, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру.

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата - аналар, әріптестер! Адам үшін ең аяулы, ең қатерлі жан – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін елімізде бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі.
Ана деген ыстық қой әрбір жанға
Теңеймін аналарды нұрлы жанға
Көктемгі мейрамдарыңыз құтты болсын!
Анадан артық адам бар ма, сірә!
Асылдай әжелерім қартаймашы
Таудан аққан бұлақтай сарқылмашы
Өздеріңді мәңгілік аялаймыз
Көк аспанда жұлдыздай жарқылдашы.
Ардақты аналар, аяулы да қымбатты ақ жаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт - береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз. Құрметті қауым! «Асыл әжем, ақ әжем, ақ жаулықты дана әжем!» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Наурыз тойын аңсап дәйім
Ата – бабам жырлап келген.
Той – думандар жалғассын деп
Той бастарды дәстүр еткен – дейді дана халқымыз. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Менің асыл әжем

«Ауылыңда қартың болса,
Жазып қойған хатпен тең».



Балажандылық, бауырмалдылық шығыс халқына, оның ішінде қазақ халқына тән ежелгі қасиет. Жанұяда бала тәрбиелеудегі үлкен тұлға – анасы мен әжесі. Әжелердің ұстамдылығы, төзімділігі, сабырлылығы, еңбекқорлығы, қиыншылық атаулыға қажырлылықпен қараулары үнемі бізге үлгі болуға тиіс. Шоқан Уәлихановтың.......
Шығармалар
Толық