Археология | Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының музейлері

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда еліміздің дамуы саяси және экономикалық тұрғыдан тұрақтанды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде мәдениетті дамытуға, ұлттық дәстүрлер мен рухани қазыналарды қорғау арқылы ұлттық ерекшеліктердің сақталуына кең жол ашылды. Жаңа заман талабына сай маманды қалыптастыру, тәрбиелеу егеменді еліміздің алдына қойған мақсаты ғана емес, басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл басты міндет - біздің қоғамның идеологиялық, тәрбиелік, оқу-ағарту жұмыстарының негізгі бағыты.
Жоғарғы оқу орындарында оқып жүргендер, ертеңгі күні бүкіл республикамыздың әлеуметтік - экономикалық, мәдени, саяси мәселелерін, міндеттерін шешеді, сондықтан олар жан-жақты профессионалдық дайындықтан өтуі тиіс.
Жоғарғы оқу орындарындағы музейлер бағытының ең басты міндеті материалдық және рухани мәдениетімізді сақтау, дамыту, қолдау және жоғарғы оқу орнынының қалыптасуы мен дамуын көрсету, жетістіктерін насихаттау болып табылады.
Музей мен жоғарғы оқу орындарының байланысының мәні қандай? Тарихи музейлердегі негізгі істерін бастамас бұрын ең алдымен жалпы музей қызметін талдап өтейік.
Музей - жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рол атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып- үйренуге оның көмегі зор. Музей заттарды адамның бойындағы патриоттық сезімін оятып, Отанды сүюге тәрбиелейді.
Музей - табиғат пен адам қолымен жасалған өнер туындыларын және көне заман ескерткіштерін, үлгі-нұсқаларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы және бұл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме. Сондықтан да бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасынан музейі жоқ елді кездестіру мүмкін емес. Жоғарғы оқу орындары мен музей бір-бірін толықтыра отырып, жас тұлғаны қалыптастыруда үлкен жетістіктерге жетеді. Музейдің студенттер мен бірігіп жүргізетін жұмыстарының маңызы өте зор. Мұндай жұмыстар студенттердің көзқарасын кеңейтіп, жас адамның азаматтық-ой өрісін дамытып, студентке ғылыми зерттеу жұмыстарын игеруді үйретеді. Өйткені, музейде жүргізілетін жұмыстардың түрі сан алуан болып келеді. Олар:
- музейді ұйымдастыру үшін қор жинау;
- басқа музейлермен және мемлекеттік мекемелермен байланыс орнату;
- тарихи-мәдени жерлерге экспедицияларға бару, археолагиялық қазбалар жүргізу, табылған ескерткіштерге ұқыптылықпен қарауды үйрету;
- экспозиция және көрме жасауға қатысу ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы