Месяц рамадан 2017. Расписание уразы и время намазов на 2017 г. хиджри 1438

Толық

2019 жылғы діни мерекелер күнтізбесі

ЕСКЕРТУ:

ХИЖРИ АЙЛАРДЫҢ БАСТАЛУЫ ТҮРКИЯ МЕН АРАБ ЕЛДЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛДЫ. АЛАЙДА, ДІНИ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ НАҚТЫ КҮНДЕРІ ЖАҢА АЙДЫҢ КӨРІНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨРСЕТІЛГЕН УАҚЫТТАН БІР КҮН ШЕГЕРІЛУІ НЕМЕСЕ АЛҒА ЖЫЛЖУЫ МҮМКІН.
kz
Толық

Құлақ ауруынан оңай айығыңыз

✅ Құлық табиғи антисептиктің қызметін атқарады. Есінеу, тамақ шайнау кезінде құлық арқылы құлақ бөліктеріндегі өлі эпителий ұлпасы сыртқа шығады. Ал құлықтың шамадан тыс жиналуы салдарынан құлақтың есту қабілеті төмендейді, құлақ ауруы, бас ауруы, тіпті бас айналуы да мүмкін. Сондықтан құлақты уақытылы тазалап тұру керек.

✅ Ал құлақ ауруынан оңай арылу үшін төмендегі емді жасауға болады.
Бірдей мөлшерде алма сіркесуы мен спиртті араластырып, ауырған құлаққа 3 тамшы тамызыңыз. Құлақтың сырғалығын ақырын қозғап, дәрінің құлақ қабырғаларына толықтай жетуіне жағдай жасаңыз. 1 минуттан кейін дәрі тамызған құлағыңыз жаққа сәл қисайсаңыз, құлық ағып шығады.

✅ Сіркесуы құлақ бөліктерінде жиналған құлықты тазартып, сондай-ақ бактерияларды жояды. Ал спирт құрғатады. Десе де, құлақ ауыра қалса, міндетті түрде құлақ дәрігеріне жүгіну қажеттігін ұмытпаңыз.......
Кеңестер
Толық

География | Көкшетау Бурабай аймағындағы курортты рекреациялық шаруашылықтың дамуы

Тақырыптың өзектілігі. 1998 жылдан бастап Астана қаласы – Қазақстанның астанасы – Үкіметтің ресми резиденциясы мен елдің басқарушы орталығы. 1999 ж. Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды және Көкшетау-Бурабай аймағы Астананың даму жоспарына кіргізілген болатын. Көкшетаудың қазіргі кездегі әкімшілік статусы осы аймақтың дамуы мен гүлденуіне көмектеседі, осыған байланысты рекреациялық және туристік ресурстар меңгеріледі, осы арқылы таңдалған тақырып өзекті болып отыр.
Көкшетау–Бурабай аймағы –Қазақстанның солтүстігінің ең әдемі орны. Бұл – сұр жартастар мен қылқанды жапырақ ормандарының, әсем таулар мен тұнып жатқан өзендердің таңжайып өлкесі, даланың тамаша аралы. Таулардың, ормандардың және көлдердің үйлесімі ландшафттардың тек қайталанбас сұлулығын ғана емес, ерекше емдік климатты да құрап отыр.
Көкшетау–Бурабай аймағы – санаторийлер, профилакторийлер, демалыс үйлері мен спорттық-сауықтыру лагерьлерінің өлкесі. Өзінің әдемілігімен және сұлулығымен Ресейдің, Қазақстанның әр бұрыштарынан және ТМД елдерінен ондаған мың адамды тартады. Бурабай қымызбен, емдік батпағымен және минералды су көздерімен атақты. Курортта әсіресе дала шөптері мен шыршалы орманның ғажайып иісіне қаныққан таза ауа ерекше жанға жағымды.
Бурабай – халықаралық мәнге ие курорт. Дәрігерлер мен демалушылардың жалпы пікіріне қарағанда, Көкшетау-Бурабайда басты емші болып табиғат табылады. Оның 5 негізгі «емдеу кабинеттері» бар: орман, су, тау, ауа және күн.
Көкшетау–Бурабай аймағы өзінің сұлулығы үшін және көлдерінің, өсімдік пен жануарлар әлемінің даралығы үшін «Қазақстан маржаны» деген поэтикалық атауға ие. Туризм - әлемдік экономиканың жетекші және ең бір динамикалық салаларының бірі. Жылдам өсу темпіне байланысты ол жүз жылдықтың экономикалық феномені болып мойындалып отыр.
Көптеген елдерде туризм жалпы ішкі өнімнің қалыптасуында, қосымша жұмыс орындары мен тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде, сыртқы сауда балансының белсенділігінде маңызды роль атқарады. Туризм көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру және тағы басқа сияқты экономиканың негізгі салаларына ықпал етеді, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың өзінше бір катализаторы болып қызмет етеді.
Берілген дипломдық жұмыста біз Көкшетау–Бурабай аймағын курортты шаруашылықтың моделі ретінде қарастырамыз, сонымен қатар мұнда туризмнің дамуына қажетті болашақ жоспарлары қарастырылады.
Ұсынылған жұмыстың мақсаты - Көкшетау–Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі күйін, табиғи-географиялық алдын-алулар және аймақтағы туризм мен курортты шаруашылықтың даму қадамдарын зерттеу. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Шортанбай Қанайұлы | Шортанбай айтқан екен


Қатынын мақтар хас жаман,
Баласын мақтар нас жаман.
Алыстағы дұшпаннан
Андып жүрген дос жаман.

Құдыққа еңкейгенде басындағы топысы суға түсін кетеді. Шортанбай қарманып, ұстай алмай қалады. Сонда былай деген екен ойланбастан:

Басымда топым ба еді көп көргенің,
Мен бе еді осыншама жек көргенің.
Бар сенгенім сен болсаң, екі қолым,
Кәнеки, тап бергенде — ап бергенің?
* * *
Пенде жоқ тәубә қылған ісін біліп,
Төрт кісі өз жақыныңнан талап алар
Оң жаққа салғаннан соң шешіндіріп,
Қолынан қарындастың келгені сол,
Керге сап, көміп қайтар көсілдіріп. .....
Әңгімелер
Толық

Шәууәл айы. Ораза және намаз уақытының кестесі 2017 жыл

Толық