Фариза Оңғарсынова (Әлде батып кетті ме сөзім менің)

Әлде батып кетті ме сөзім менің,
әлде сенше жоқ па еді өзіңде мін —
бұрыңғыдай жарқ етіп қарамайсың.
Түсіне алмай, түнімен көз ілмедім.
Жүрегіңде бір зіл бар.
Үндемедің,
мұнар жауып көзіңнің нұр желегін.
Тым болмаса айтсаңшы — біреуде ме,
тағдырда ма, менде ме — кімде кегің?
Не боп кеткен, құдай-ау, адамдарға....
Өлеңдер
Толық