1 қыркүйек - білім күні, алғашқы қоңырау

Құрметті оқырмандар! Алғашқы қоңырауға балабақшада мектепте балалар айтатын тақпақтар мен өлеідер жарияланды. 1 қыркүйекте білім күнінен арналған тақпақтарды айтып ата-аналарыңызды қуанта аласыз!

Тақпақтар
Толық

Логикалық сұрақтар туралы жұмбақтар жауабымен

Көлемі бірдей болған 8 доптың жетеуінің салмағы бірдей, ал біреуі басқаларынан ауырырақ. Күйентелі таразымен (екі жақта табағы бар таразы) екі рет өлшеп ауыр болған допты таба аласыз ба?
Доптар 3, 3 және 2 етіліп үш топқа бөлінеді. Алдымен 3-еу болған топтар жеке-жеке таразыға қойылып тартылады.
А) Тең болса, ауыр болған доп 2-еулік топта
Б) Біреуі ауыр болса, сол топта болғаны мәлім болады.
Әр екі жағдайда да, ауыр допты табу үшін тағы да бір бір доптан тартып көреді


Жаралғанда жабысқан.
Адамның есімі

Арықтың ең терең жері белге дейін келетін. Ал аяқ тобыққа дейін балшыққа бататын. Қатты жауын жауған соң су деңгейі көтереліп, әлгі ең терең жердің суы мойынға дейін келетін болды. Бірақ аяқтар балшыққа батпайтын болды. Аяқтар неліктен балшыққа батпай қалды?
Су көтерілгенде судың денені көтеру күші көбейеді. Сондықтан денені балшыққа батыратын қысым азаяды.

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма Туған елін

  Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елі мен өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне,сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады.Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады.Туған жер,туған көше,туған қала мен үшін туған жер.Менің Отаным кішкентай болса да,мен үшін аса қымбат жер ол Жетісай қаласы. Дәл осы жерде менің көңілді де,шаттықты уайымсыз балалық шағым өтуде. Туған жерді ұзаққа қимайсың.Оған деген сағыныш сезімі басым тұрады.

Сен әрқашан өзің бармасаң да ,оймен қиялдап туған көшені,есіктің алдында"атаңның үйге кір"деген сөздері еске түсіресің.Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі.Қазір бой жеттім,бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көшем менің кішкентай отаным.Сонымен бірге мен елімнің кішкентай бөлшегімін,оның бүгіні мен болашағымын.Сонымен қатар,туған жерім қасиетті де құтты қоныс.Ол мені құшағында мәпелеп қана өсірген жоқ,ол маған тәлімін,тәрбиесін берді.Сонымен қатар еңбекке баулыды.Оның төсінде үйренгенім мен түйгенім көп.Ондағы жасыл түгі басылмаған керіліп жатқан керейшық кең дала мені салмақтылық пен сабырлыққа,кеңпейілділікке тәрбиелейді.Ай жаныңда тыныштық сыйлап,анда-санда әрлі -бері сипап өтіп,қытырыңа тиетін,барары мен келері беймәлім ерке жел еркіндікке үйретсе,сыңғыр күлкісі еріксіз еліктіретін бұрымды өзен-ару бір байыппен сылдырлап ағып, сабырлық пен байыптылыққа баулиды...... 

Эсселер
Толық

Туған жер эссе

  Бар қазақтың қан тамыры ауылда,
Сол ауылдан шықты ақын, ғалым да.
Сол ауылды көркейтуді мақсат қып,
Елбасы да жарлық етті қауымға.

Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ әрбір жеке тұлға адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің отаным кішкене болса да, мен үшін аса қымбат жер Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылынан бастау алады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Туған жердің қадірін ұясынан ұзаққа кеткен адам ғана түсінеді. Туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Оның тауы мен тасынан да, өзен көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады.

Алтын бесік - ауылым! Оның бойында күретамыр болған Ор өзені. Ор - бір ғана сұлулық көрінісі ғана емес, Ор - алыстан ой арғытқан жолаушының аялдар, қонақтар мекені. Басын Мұғалжар тауынан алып, аяғын Ақжайыққа тірейтін еркелей аққан Ор өзенінің бойында алыстан мен мұңдалап тұрған Бөгетсай ауылы орналасқан. Бөгетсай - селолық округ орталығы, елді мекен. Ауыл тұсындағы ағып жатқан Ор өзенінің үстінен үлкен бөгет салынған. Соған байланысты осылай аталған. Ауылымызға жақын жерде Талдыбұлақ деп аталатын табиғи әсем жер бар. Ол жерге жазды күндері демалушылар жан – жақтан көптеп келіп демалады. Суға шомылып, балық аулайды...... 

Эсселер
Толық

Қазақ қашан да қазақ

Отан...Атамекен ...Атажұрт...Тарих...Бұл қай құлаққа да асқақ естілер ұғымдар.Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды.Біздің туған жеріміз Қазақстан Республикасы,осынау ұлан-ғайыр,шексіз де шетсіз тәуелсіз елде туып-өскенімізге аса қуаныштымын. Біздің Қазақстан-дүние бәйгесінде еңсесі биік ел.Қазақстанның болашақ жастары еңсесі биік мемлекетте өмір сүргеніне қуанып,мақтану керек.......

Шығармалар
Толық

22 Наурыз - Наурыз мейрамы (концерттік бағдарлама)

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама.

"Достық" алаңы мерекеге сай безендірілген. Сахна үстінде «______» фольклорлық ансамблі (жүргізушілер, салтанатты кештің құрметті қонақтары).


Алаң ортасында би ансамблдері жетекшілерімен....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Ұлы күн – Наурыз!)

Сабырбаева Лаура Жанасбекқызы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы
№116 орта мектептің "Ер Төстік" шағын орталығының тәрбиешісі


Тақырыбы: «22 - Наурыз» Ұлыстың ұлы мейрамына орай ұйымдастырылған «Ұлы күн – Наурыз!» атты ертеңгілігімізің сценарийі.
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық , инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін.......
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық