Педагогика | Жасөспiрiмдердi отбасы мен мектеп бiрлестiгiнде тәрбиелеу

Кiрiспе
Халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: өзiнiң биылғы Қазақстан халқына жолдауында “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру блып табылады”, - деп атап көрсетті.
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негіз қалайды.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істер жасауына жағдай туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.....
Курстық жұмыстар
Толық